Құрметті сарапшылар, заңгерлер, құқық қорғаушылар және жанашыр азаматтар!

2020 жылы 13 қарашада сағат 14.00-17.00-де «Қазақстандағы жыныстық бопсалау үшін жауапкершілік: әйелдер неге үндемейді» тақырыбында онлайн конференция өтеді.

Конференцияда оқу, медициналық және мемлекеттік мекемелердегі, сондай-ақ корпоративтік сектордағы, қоғамдық орындардағы және отбасындағы жыныстық бопсалау мәселесі талқыланады. Сарапшылар әрбір жағдайға құқықтық баға беріп Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне елде жыныстық бопсалауды алдын алу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады.

Спикерлер ретінде белгілі блогерлер мен заңгерлер Анастасия Миллер, Снежана Ким, Халида Ажигулова, Жангельди Сулейманов және т. б. шақырылады.

Конференцияның онлайн көрсетілімін Құқықтық саясатты зерттеу орталығының Facebook және YouTube парақшаларынан қазақ және орыс тілдерінде көруге болады.

Толығырақ білгіңіз келсе мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Конференцияны Канада Елшілігінің (CFLI аясында) қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) ұйымдастырады.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз