Іске асыру мерзімі: 30\01\2019 – 30\01\2021 (24 ай)
Донор: Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі – Еуропалық демократия және адам құқықтар құралы (EIDHR) бағдарламасы шеңберінде
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) Халықаралық заңгерлер комиссиясымен (ICJ) Халықаралық заңгерлер комиссиясы – Еуропалық институттар (ICJ-EI) атты ұйымдармен бірлесіп, 2019 жылының қаңтарында “Қазақстанда мигранттардың құқықтарын құқықтық қорғауын күшейту” атты жобаны іске қосты.
Жоба мигранттардың Қазақстан аумағындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралық құралдарға қол жеткізуін жақсартуға, және Қазақстанның мамандандырылған заңгерлері мен олардың еуропалық әріптестері арасындағы кәсіби оқыту мен ынтымақтастықты ынталандыруға бағытталған. Жобаның жалпы бюджеті 315 789 еуроны құрайды, ЕО салымы-300 000 Еуро.
Жоба мигранттардың мүдделерін тиімді білдіруге білікті заңгерлердің пулын құруға және қолдауға бағытталған. Жоба қазақстандық адвокаттар мен ҮЕҰ-ның тәжірибелі заңгерлерінің құқықтық тәлімгерлік және коммуникациялар арқылы тиімді құқықтық қорғаудың өзгерістерін әкелетін делдалдары ретіндегі мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жоба сондай-ақ Қазақстандық заңгерлер мен олардың құқық қорғау тетіктерін пайдаланатын еуропалық әріптестері арасындағы байланыстарды, өзара оқыту мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Нәтижесінде ҮЕҰ-ның заңгерлері мен адвокаттар мигранттардың құқықтарын ұлттық деңгейде қорғау үшін ұлттық және халықаралық құқықты тиімді пайдалану туралы жаңа ақпарат пен дағдыларға ие болады, сонымен қатар халықаралық қорғаныс тетіктеріне жүгінудің тиімді стратегияларымен танысып кетті.
Жобаның нақты іс-шаралары мыналарды көздейді:
1. Қазақстандық адвокаттар мен КЕҰ-ның заңгерлері үшін қазақ және орыс тілдерінде төрт оқыту модулін әзірлеу және жариялау;
2. Үш қалада адвокаттар мен КЕҰ заңгерлеріне арналған үш тренинг;
3. БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы тетіктері бойынша 40 заңгерге арналған семинар және кейінгі заңгерлік тәлімгерлік (менторлық);
4. Қазақстандық және еуропалық заңгерлер арасында озық тәжірибемен алмасу және стратегия әзірлеу үшін сот даулары мен құқық қорғау қызметі бойынша стратегиялық семинар;
5. Жоба нәтижелерін мемлекеттік органдарға, парламент мүшелеріне, сарапшылар қоғамдастығына және жұртшылыққа ұсыну бойынша қорытынды Workshop. Бұл іс-шараның мақсаты заңнамадағы олқылықтар мен адам құқықтарын қорғаудағы қажеттіліктерге қатысты стратегияны әзірлеу, сондай-ақ мигранттардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі одан арғы қадамдар болып табылады.
Қазіргі уақытта өткізілген іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Нұр-сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында үш екі күндік тренинг өтті. «Құқықтық тәжірибеде мигранттар қорғауының халықаралық және ұлттық құқығы» тренинг марафонының бағдарламасы алған білімдерін нығайтуға және елдегі мигранттарды қорғау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған теориялық және практикалық блоктардан тұрады. Қатысушылар үшін халықаралық құқық, кейстер және ұлттық заңнама шолуы бар оқу модульдері дайындалды. Тренинг барысында Қазақстанның 10 аймағынан 100 адвокат пен үкіметтік емес ұйымдардың заңгерлері оқытылды. Тренерлер ретінде беделді ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты: Юлия Зельвенска, Айна Шорманбаева, Массимо Фриго, Александрос Константину және София Бонатти. Тренинг марафоны бойынша толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады.
2) Сондай – ақ 2020 жылдың 28 тамыз-12 қыркүйек аралығында 44 қазақстандық адвокаттары мен коммерциялық емес секторының құқық қорғаушыларына мигранттарды, босқындарды және баспана іздеушілерді қорғаудың халықаралық адам құқықтары механизмдеріне арналған онлайн семинарлар өткізілді. Іс-шара Covid-19-дың Қазақстан мен жалпы Орталық Азия аумағындағы көші-қон процестеріне әсер етуіне байланысты ерекше маңызға ие болды. Семинарда Халықаралық заңгерлер комиссиясының көші-қон саласындағы беделді халықаралық сарапшылары, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың кеңсесінің шағымдар бөлімінің, Босқындар мен жер аударылғандардың Еуропалық кеңесінің (ECRE) және Грецияның адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясының өкілдері дәріс оқыды. Қатысушылар көшіп-қонушылардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарына қысқаша шолу жасай отырып, жер аудару, ұстау және қорғау мәселелері бойынша халықаралық қағидаттар мен негіз қалаушы құжаттарды талқылады, сондай-ақ Қазақстандағы құқықтық актілердің иерархиясын, халықаралық құқық пен ұлттық заңнаманың арақатынасын қарастырды. Тренинг бағдарламасы халықаралық деңгейде мигранттарды қорғау бойынша алған білімдерін нығайту және практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған теориялық және практикалық блоктардан тұрды. Қатысушылар үшін халықаралық құқық қорғау механизмдеріне қол жеткізу шолуы бар оқу модулі дайындалды. Тренингтер жиынтығы бойынша толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады.
3) 14 қарашада Адам құқықтары жөніндегі комитетке өтінімдерді дайындау бойынша Workshop жоспарлануда. Workshop-қа қатысушыларды қабылдау қазан айының соңына жоспарланған.
4) Оқу модульдерінің орыс тіліндегі мәтінімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:
– МОДУЛЬ 1. Қайтарылмау, мәжбүрлеп қуып шығару және халықаралық қорғау.
– МОДУЛЬ 4. Халықаралық құқық қорғау механизмдеріне қол жеткізу
Егер сіз жоба туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, Facebook және Instagram-дағы жоба прақшаларына жазылыңыз.