+7 727 356 03 86 | +7 705 925 50 06
RU
өзекті
Звёзд: 1Звёзд: 2Звёзд: 3Звёзд: 4Звёзд: 5 0,00
Loading...

«Құқықтық тәжірибеде мигранттар қорғауының халықаралық және ұлттық құқығы» атты тренингтер марафоны аяқталды

АЛМАТЫ – Бүгін адвокаттар мен коммерциялық емес сектор заңгерлеріне арналған «Құқықтық тәжірибеде мигранттар қорғауының халықаралық және ұлттық құқығы» атты тренингтер марафоны аяқталды. Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын жоба Қазақстан аумағында адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралық құралдарына мигранттардың қолжетімділігін арттыру, кәсіби дайындықты ынталандыру және қазақстандық және еуропалық мамандандырылған заңгерлері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған. Үш екікүндік тренинг 30 қыркүйектен 5 қазанға дейін Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында өтті. Оқу модульдері халықаралық құжаттардың ұлттық заңнама алдындағы басымдығын, жер аудару мен мигранттардың құқығын қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарын, сондай-ақ  мигранттардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мәселелерін қамтыды.

Тренингтер «Қазақстандағы мигранттар құқықтарын қорғауды күшейту» жобасы шегінде Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қаржыландыруымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы мен Халықаралық заңгерлер комиссиясы (ICJ) және Халықаралық адвокаттар кеңесімен (ICJ Europe) бірлесіп ұйымдастырылған.

Тренингтерге Қазақстанның 10 аумағынан жиналған 100-ден астам адвокаттар мен мемлекеттік емес ұйымдардың заңгерлер қатысты. Беделі зор ұлттық және халықаралық сарапшылар тренингтерге оқытушылар ретінде шақырылды:

  • Юлия Зельвенска – Босқындар мен жер аударылушылар бойынша Еуропалық кеңестің Құқықтық қамтамасыз ету және сот іс жүргізу бойынша бөліснің жетекшісі (ECRE);
  • Айна Шорманбаева – Құқықтық мәселелер бойынша LPRC сарапшысы, Халықаралық құқықтық бастамасының президенті;
  • Массимо Фриго – Старший юрисконсульт Международной комиссии юристов;
  • Александрос Константину – Босқындар бойынша Грек Кеңесіндегі Заң бөлімінің басшы орынбасары (GCR);
  • София Бонатти – Босқындар мен жер аударылушылар бойынша Еуропалық кеңестің заңгері (ECRE).

Тренинг қатысушылары Қазақстан аумағы мен жалпы Орталық Азиядағы миграциялық үдерісітерінің қарқынды дамуына байланысты өткізілген шаралардың уақытылылығын атап өтті. Тренинг бағдарламасы мемлекетте мигранттарды қорғау бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және игерілген білімді нығайту үшін теориялық және тәжірибелік бөлімдерін қамтыды. Тренинг қатысушылары үшін халықаралық құқыққа, кейстер мен ұлттық заңнамаға шолуды қамтитын оқу модульдері әзірленді. Жоба ұйымдастырушылары қатысушылардың түсініктемелері мен толықтыруларына негізделе отырып оқу модульдерін әрі қарай жетілдіруге ниет білдіруде.

Заң мамандығы өкілдерін ҚР аумағында мигранттардың құқығын қорғау ерекшеліктерін оқыту бойынша іс-әрекеттер Қазақстанда мигранттарға білікті құқықтық көмек көрсетуінде мамандандырылған заңгерлер қауымын құру бойынша ұзақ мерзімді бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Қосыша ақпарат үшін Құқықтық саясатты зерттеу орталығының өкілі Ольга  Мирошниченкомен  телефон арқылы: +7 727 356 03 86, +7 701 744 44 29 немесе e-mail бойынша: omiroshnichenko@lprc.kz хабарласыңыз.

«Қазақстандағы мигранттар құқықтарын қорғауды күшейту» жобасы Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) Шевченко көш. 90 101 кеңсесі, 050009, Алматы қ., Қазақстан Республикасы Тел.: (727) 356 03 86 info@lprc.kz мен Халықаралық заңгерлер комиссиясымен (ICJ) бірселіп жүзеге асырылуда  
Бұл жоба Еуропалық Одақпен қаржыландырылады Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Космонавт к-сі, 62 үй Нұр-Сұлтан 010000 Тел.: (7172) 97-10-40 Факс: (7172) 97-95-63  

Еуропалық Одақ өз білімдерін, ресурстарын және тағдырларын біріктірген 28 мүше-мемлекеттердің тұрады. Мәдени түрлілігін, төзімділік пен жеке бостандығын сақтай отырып, 60 жыл кеңейту кезеңінде, олар тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. Еуропалық Одақ шекарасынан тыс барлық елдер және халықтармен өз жетістіктері мен құндылықтарымен бөлісуге ұмтылады.  

Бөлісу