2020 жылғы 28 тамыз – 12 қыркүйек аралығында Еуропалық Одақтың жобасы 44 қазақстандық адвокаттар мен коммерциялық емес сектордың құқық қорғаушыларына мигранттарды, босқындарды және баспана іздеушілерді қорғаудың халықаралық адам құқықтары механизмдеріне арналған онлайн-семинарлар сериясын өткізді. Іс-шара COVID-19-дың Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы көші-қон процестеріне тигізген әсеріне байланысты ерекше маңызға ие болды.

Семинарда Халықаралық заңгерлер комиссиясының көші-қон саласындағы беделді халықаралық сарапшылары, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың кеңсесінің шағымдар бөлімінің, босқындар мен жер аударылғандардың Еуропалық кеңесінің (ECRE) және Грецияның адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясының өкілдері дәріс оқыды.

Қатысушылар жер аударту, ұстау және қорғау бойынша халықаралық қағидалар мен құжаттарды талқылап, мигранттардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарына қысқаша шолу жасады. Сонымен қатар, Қазақстандағы құқықтық актілердің иерархиясы, халықаралық құқық пен ұлттық заңнаманың арақатынасы қарастырылды.

Семинар бағдарламасы халықаралық деңгейде мигранттарды қорғаудағы біліктілікті арттыру және практикалық дағдыларды дамытуға арналған теориялық және практикалық блоктардан тұрды. Қатысушылар үшін халықаралық адам құқықтары механизмдеріне қол жетімділікке шолу жасайтын оқу модулі дайындалды.

Аталған семинар бұдан бұрын 105 адвокаттар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқық қорғаушыларына  мигранттарды стратегиялық соттан қорғау және қазақстандық және еуропалық заңгерлер арасында озық тәжірибелер мен стратегиялардың алмасуын қамтамасыз ету бойынша өткізілген тренингтердің жалғасы болып табылады.

Семинарды  Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстандағы мигранттардың құқықтарын құқықтық қорғауды күшейту» жобасы аясында Халықаралық заңгерлер комиссиясы (ICJ) және Халықаралық заңгерлер комиссиясы – Еуропа институттары (ICJ-EI) бірлесіп ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – мигранттардың Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктеріне қол жетімділігін жақсарту, сондай-ақ кәсіби оқытуды және Қазақстандағы мамандандырылған заңгерлер мен олардың еуропалық әріптестері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Заң мамандығы өкілдерін Қазақстан Республикасы аумағында мигранттардың құқығын қорғау ерекшеліктерін оқыту бойынша іс-әрекеттер Қазақстанда мигранттарға білікті құқықтық көмек көрсетуінде мамандандырылған заңгерлер қауымын құру бойынша ұзақ мерзімді бағдарламасының бөлігі болып табылады.Қосымша ақпарат үшін Құқықтық саясатты зерттеу орталығының өкілі Ольга  Мирошниченкомен  телефон арқылы: +7 727 356 03 86, +7 701 744 44 29 немесе e-mail бойынша: omiroshnichenko@lprc.kz, немесе Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінің Саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің қызметкері Еркежан Амриевамен: yerkezhan.amriyeva@eeas.europa.eu хабарласыңыз.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз