Іске асыру мерзімі: 1 ақпан 2020 ж.  30 қаңтар 2022 ж.(24 ай)

Донор: Жоба Еуропалық Одақтың  қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Жобаны Құқықтық саясатты зерттеу орталығы Саяси және құқықтық реформалар орталығымен (Украина) бірлесіп  екі жыл мерзімінде жүзеге асыр–ады. Жобаның жалпы бюджеті 315 789 евро, соның ішінде Еуропалық Одақтың жарнасы – 300 000 евро.

Жобаның жалпы мақсаты – қызмет көрсетуге бағытталған полиция моделін және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы серіктестікті енгізу арқылы адам құқықтарын құрметтеуге негізделген Қазақстандағы заманауи полицияның демократиялық негіздерін дамыту.

Осы мақсатқа жету үшін жоба келесі нақты міндеттерді анықтады:

1) басты мүдделі тараптармен ынтымақтастықта полиция мен қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қызметтестік бойынша пилоттық жобаларды іске асыруды қолдау;

2) полиция қызметкерлерінің практикалық дағдыларға және қызмет көрсетуге бағытталған полиция қызметі стандарттары туралы білімді тиімді тарату бойынша қабілеттерін дамыту;

 3) полиция қызметінің сапасын одан әрі жақсарту үшін басқарудың жаңа құралдарын құрастыру;

 4) жергілікті полициямен тиімді серіктестік арқылы азаматтардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуына ықпал ету.

Осы жоба аясында халықтың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру мақсатында жаңа қағидаттарды, әдістерді, рөлдер мен құралдарды көрсете отырып, ел аумағында таратуға арналған қызмет көрсетуге бағытталған полиция моделі жасалады. Сонымен қатар, оқыту модульдері мен полиция қызметкерлеріне арналған халықпен жұмыс істеудің жаңа әдістері және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылады.

Жоба полиция қызметкерлерінің қызмет көрсетуге бағытталған мінез-құлқын барлық деңгейлерде қолдау мақсатында адам құқықтарына негізделген бағалаудың жаңа жүйесі мен жедел басшылыққа ұсыныстар әзірлеуді қарастырады. Жоба қоғамдық қауіпсіздік саласындағы серіктестік аясында азаматтардың қатысуы мен полициямен өзара әрекеттесудің практикалық тетігін де әзірлейді және сынақтан өткізеді.

Жобамен жоспарланған шаралар:

– Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы серіктестік моделіне негізделген полиция қызметінің тұжырымдамалық негізін (прототипін) әзірлеу (2020 ж.);

– Қызметке көрсетуге бағытталған полиция моделі мен озық тәжірибесін талқылауға арналған сараптамалық форум (2021 ж.);

– Жергілікті полиция үшін оқу модулін әзірлеу (2020 – 2021 жж.);

– Қызмет етудегі полиция офицерлері мен нұсқаушыларына оқу сабақтарын өткізу (2021 ж.);

– Қызмет көрсетуге бағытталған қазіргі заманғы полицияның жедел нұсқаулықтарын әзірлеу (2020 – 2021 жж.);

– Полицияның қызметін бағалаудың жаңа схемасын әзірлеу (2020 – 2021 жж.);

– Азаматтарды олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру науқаны (2020 – 2021 жж.);

– Полиция мен азаматтар арасындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттестіктің тиімді арналарын дамыту (2020 – 2021 жж.)

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз