Іске асыру мерзімі: 01/10/2020 – 28/02/2022 (17 ай)
Донор: Канада сыртқы істер, сауда және даму департаменті (DFATD) Canada Fund for Local Initiatives қаржыландыруы арқылы.
Жобаның негізгі іс-шаралары онлайн форматта өтеді және Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Бұл жобаның мақсаты-жұмыс орындары мен қоғамдық орындарда жыныстық бопсалауға заң жүзінде тыйым салу, оны алдын алу және оған ден қою туралы жұртшылықтың хабарын арттыру.
Бұл жоба шеңберінде шешілетін негізгі мәселелер:
- Зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстар мен кемсітушіліктің басқа түрлерімен тиімді күресуге бағытталған заңнамалық актілердің болмауы. Негізгі мәселе – Қазақстанда жұмыс орындарында немесе қоғамдық орындарда жыныстық бопсалауға (қудалау) тыйым салатын ішкі заңнаманың болмауы;
- Құқық қорғау және сот органдарында қысым көрсеткені үшін жауапқа тартудың практикасы дамымаған;
- Әйелдерді құрбандылыққа итермелейтін қоғамдағы стигматизациялау мен объективациялау. Өкінішке орай, Қазақстанның патриархалды қоғамында адамдар жыныстық бопсалаудың зардап шеккен адам өміріне және жалпы қоғамға теріс әсерін жете бағаламайды. Жыныстық бопсалау – бұл негізінен әйелдер мен қыз балаларға бағытталған кемсітушілік тәжірибе;
- Қазақстанның іскерлік секторында гендерлік теңдіктің, кемсітпеудің және қысым көрсетулерге қарсы күрестің корпоративтік мәдениетінің болмауы.
Жоба бойынша жоспарланған қадамдар:
1 іс-әрекет: Жыныстық бопсалауға тыйым салу жөніндегі халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес заңнамаға түзетулер ұсыну.
-Қазақстанда жыныстық бопсалау мәселесі бойынша 50 қатысушыға арналған онлайн-конференция ұйымдастыру;
– Ұлттық заңнамаға түзетулер мен ұсыныстар дайындау;
– Мемлекеттік органдармен ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу;
– Жыныстық бопсалауға қарсы күрес туралы заң жобасын талқылау үшін бір жария онлайн-пікірталас ұйымдастыру.
2 іс-әрекет: Қоғамдағы жыныстық бопсалау мен қудалауға төзбеушілікті қалыптастыру бойынша бір онлайн-қоғамдық петиция.
– БАҚ пен әлеуметтік желілерде жыныстық бопсалауға қарсы күреске қатысты заңнама туралы қазақ және орыс тілдерінде 10 аналитикалық мақала мен 2 лонгрид шығару;
– Медиа-науқанға арналған 2 оқу бейнеклиптерін түсіру.
3 іс-әрекет: Кемсіту, жыныстық бопсалау мен іскерлік ортадағы лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануды болдырмау мақсатында корпоративтік саясатты әзірлеу және жүргізу.
– Кемсітпеу, жыныстық бопсалау мен іскерлік ортадағы лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға қарсы күрес саласында корпоративтік саясатты әзірлеу;
– Қазақстанның 10 компаниясы мен 5 университетінің өкілдерімен онлайн/оффлайн кездесулер арқылы саясаттың іске асуын ілгерілету.
Ұзақ мерзімді нәтижелер ретінде:
1) Жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалауға заңмен тыйым салынады;
2) Корпоративтік сектор мен мемлекеттік органдар тарапынан нәпсілік дәмелену жағдайларына қарсы әрекет саны 10% – ға артады;
3) Жұмыс берушілер (10 компания және 5 университет) жұмыс орнындағы жыныстық бопсалау әрекеттерін алдын алу және оған жауап беру жөніндегі жоба аясында жасалған ішкі саясатты қабылдап жүзеге асырады;;
4) Қоғамда қысымның кез келген нысандарына адам құқықтарын бұзушылықтардың бірі ретінде төзбеушілік пен әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бойынша сындарлы диалог қалыптасатын болады.