Құрметті журналистер мен блогерлер!

Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) командасы «Кемсітушілікке қатысты ақпаратты дайындау және тарату барысында ескерілетін мәселелер» тақырыбында воркшопқа тіркелу басталғанын хабарлаймыз.

ткізу форматы: ZOOM платформасында онлайн.
Воркшоптың ұзақтығы: 2-3 сағат.
Воркшопты өткізу уақыты шамамен 2022 жылдың 1-10 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Нақты уақытын ұйымдастырушы қосымша хабарлайды.

Қатысу тегін. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

Қатысушылар қандай білім мен практикалық дағдыларға ие болады?

  • кемсітушілікке қарсы халықаралық стандарттарда не айтылады және олар Қазақстан заңнамасында қалай көрініс табады;
  • кемсітушілік түрлерін қалай тануға болады;
  • кемсітушілікке қатысты ақпаратты дайындау және тарату барысында ескерілетін мәселелер.

Воркшопқа қатысу үшін келесі сілтемемен өтіп сауалнамадан өтуді сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdBHXbftAFKUAaNri0ojF7hxfVqpZfueXX7JsOka99wP_nnog/viewform?usp=pp_url

Орын саны шектеулі болғандықтан, осы сауалнамадан өту Сіздің воркшопқа қатысуыңызға кепілдік бермейтінін ескертеміз.

Сізді практиктердің кәсіби пікірталас алаңында күтеміз!

Бұл тренинг CFLI (Canada Fund for Local Initiatives) қолдауымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) іске асыратын «Қазақстанда кемсітуге қарсы іс-қимылды ілгерілету» жобасы шеңберінде ұйымдастырылады.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз