Өзекті жаңалықтар
Жаңа жобалар
Құқық құқығы
Адам құқықтары туралы Подкаст, онда біз бейбіт жиындарға, жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді, сондай-ақ мигранттардың құқықтарын талқылаймыз. Подкасттың қонақтары саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер және құқық қорғаушылар болады.
Бұл подкаст құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) қоғамдық қорының жобалық қызметі аясында қаржыландырылады.
23 Шілдеде (13:00-14:45 CET) Базель басқару институты, Siemens Integrity Initiative қолдауымен тұрақты даму бойынша ұжымдық іс-қимылдар жөнінде онлайн семинар ұйымдастырды. Семинарға Kazbar және LPRC іске асырған «ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік парасаттылықты арттырудың және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын іске асыру» жобасының, жобалық кеңсесінің мүшелері қатысты.
Семинар «Ұжымдық іс-қимылдар бастамаларының тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?” атты тақырыбында өткізілді. Ұжымдық іс-қимылдар тұрақтылығына қол жеткізу деген сұрақ, созылмалы covid-19 пандемиясы мен оның бизнеске әсері, соның ішінде сатып алу және жеткізу жүйелеріне тигізетін ықпалын ескергенде, бұрынғыдан да өзекті болып табылады. Бұл жұмыс отырысы, ұжымдық іс-қимылдарды жүзеге асырушылардың өзара оқытуы және озық тәжірибесімен алмасыу негізінде ұжымдық іс-қимылдың тұрақты бастамаларын әзірлеу мен іске асыруына дайындау үшін тәуекелдерді, мүмкіндіктер мен кедергілерді ашық талқылауға арналған алаң ұсынды. Онлайн іс-шаралар ұжымдық іс-қимылдар саласында тәжірибе және инновациялар алмасу үшін бүкіл әлемнің тәжірибелі мамандарын біріктірді. Семинарға 4 континенттен 22 түрлі елді (Бразилия, Болгария, Колумбия, Қазақстан, Мьянма, Нигерия, Квебек, Түркия және т.б.) ұсынған 22 бастама бойынша 37 қатысушы болды.
Толық ақпаратты мына жерден табуға болады: https://baselgovernance.org/collective-action/events/2020-workshop-series
Жобаға қатысты ақпарат үшін сілтемені басыңы: https://lprc.kz/ru/project/press-reliz/