Спикерлер қатарында Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис және адам құқықтары мәселелері жөніндегі сарапшы Татьяна Чернобиль болды. Воркшопты LPRC аймақтық директоры, халықаралық заңгер Аяжан Ойрат жүзгізді.
Журналистерді оқытудың негізгі мақсаты құрмет көрсету, өзара түсіністік және интеграция мәдениетінің принциптері мен құндылықтарына негізделген. Түпкі мақсат – бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамда адамдарды шеттету салдарынан туындаған зиянды стереотиптердің таралуын болдырмау, сонымен қатар журналистерге өздері ізденіп оқитын пайдалы ресурстар ұсыну.
Тренингке «ҚазАқпарат», «Инбизнес», «БАҚ», «Азаттық рухы», «Орда», «Айқын», «Информбюро» ақпараттық агенттіктерінің, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Фактчек», «Минбер» журналистері, азаматтық журналистер, сондай-ақ Сүлейман Демирель атындағы университеттің, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ, сондай-ақ академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Журналистика» факультетінің студенттері қатысты.
Тікелей эфир барысында Аяжан Ойрат «Бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен жауапкершілік артылғанын, өйткені БАҚ қоғамның жалпы мәдени бағдарларын белгілейді, тенденциялар мен оқиғаларды сыни түрде бақылайды, адамдардың әртүрлі процестерді қабылдауы мен түсінуіне әсер ететінін баяндады. БАҚ инклюзивті қоғам құру мақсатында еліміздегі мәдениетаралық диалогқа, әлеуметтік бірлікке ықпал етеді» – деді.
Евгений Жовтис кез келген негіз бойынша кемсітуге тыйым салатын кешенді заңнаманы қабылдау қажеттігін атап өтті. Теңдік туралы негіздемелік заңды әзірлеу және қабылдау кезінде Молдованың кемсітушілікке қарсы заңнамасын, институттары мен рәсімдерін қарастыруды ұсынды. Өйткені посткеңестік мемлекеттердің қазіргі жағдайында да ұқсастықтар бар дейді.
Воркшоп шеңберінде Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамытуда тренингке қатысушылардың жеке ресурстарын зерделеу бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Спикерлер өз материалында ғадауат тілінен аулақ болудың жолдарын айтып, журналистердің кемсітушілікке қарсы күн тәртібін қолдаудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ кемсітушілік статистикасын қайдан және қандай баптар бойынша іздеу керектігі жазылған ресурстармен бөлісті. Өз кезегінде Татьяна Чернобиль журналистерге Қазақстандық Заңнамада және БҰҰ Жарғысы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт сияқты халықаралық құжаттарда көрсетілген кемсітушілікке қарсы стандарттар туралы айтты.
Воркшоп барысында көрсетілген презентациялар сайт кітапханасына жүктелді, танысамын деушілерге қолжетімді:
Е. Жовтистің презентациясы: https://lprc.kz/ru/prezentacziya-e-zhovtisa-2022-12-06-ru/ (орыс тілінде) https://lprc.kz/ru/prezentacziya-e-zhovtisa-2022-12-06-kaz/ (қазақ тілінде) Т.Чернобильдің презентациясы:https://lprc.kz/ru/nediskriminacziya-dekabr-2022/
Спикерлердің тікелей эфирдегі жазбаларын төмендегі сілтемелер арқылы көруге болады:
Е. Жовтис: https://youtu.be/H4e5RWUsnJ0 Т.Чернобиль:https://youtu.be/9_Sis579Jb0 (орыс тілінде), https://youtu.be/TcJVc118uoc (қазақ тілінде) А. Ойрат:https://youtu.be/xP3U0hfj7BQ (орыс тілінде), https://youtu.be/SqDseMpRJY4 (қазақ тілінде)
Бұл тренинг CFLI (Canada Fund for Local Initiatives) қолдауымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) іске асыратын «Журналистер мен блогерлерді, құқық қорғаушылар мен заңгерлерді эдвокаси-науқанын жүргізу мен оқыту арқылы Қазақстанда кемсітушілікке қарсы күн тәртібін ілгерілету» жобасы шеңберінде ұйымдастырылады.