Құқықтық саясатты зерттеу орталығында біз жаңа буынның батыл сұрақ қойып, жауап іздеуді үйреніп келе жатқанын көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз сіздермен біздің тәжірибеленуші – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Айым Алматаеваның жұмысымен бөліскіміз келеді.

Практика барысында Айым Қазақстандағы әйелдердің саясатқа және мемлекеттік құрылымдарға қатысуы жөнінде зерттеу жүргізді. Ол тақырыпты тереңірек ашты: елдің тарихы мен халықаралық міндеттемелерінен бастап, қазіргі күндегі әйелдер кездесіп отырған нақты кедергілер мен қиындықтарға дейін талдады.

Біз үшін бұл жұмыстың шынайы, қызығушылықпен және жасампаз көзқараспен жазылғаны аса құнды. Бұл зерттеуде еліміздегі теңдік пен әділдіктің болашағына бейжай қарамайтын жас ұрпақтың дауысы естіледі.

Біз жас авторларды қолдай отыра, олардың шынайы ойларының естілуіне мүмкіндік бере алатынымызбен мақтанамыз.

👉 Айымның толық жұмысымен сілтеме арқылы танысуға болады.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз