Жаңалық

Еуропалық Одақ қаржыландыратын Азаматтық қоғам өкілдеріне арналған Құқық үстемдігі академиясы азаматтық қоғам өкілдерінің құқық үстемдігі қағидаттары жайлы білімін арттырды

Жоба: Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері жобасы


АЛМАТЫ –Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Барлығы үшін құқық үстемдігін ілгерілету жөніндегі азаматтық қоғамның үйлестірілген іс-қимылдары» жобасы шеңберінде өткізілген Азаматтық қоғам өкілдеріне арналған Құқық үстемдігі академиясы азаматтық қоғамның 36 өкілінің  құқық үстемдігі жайлы білімін арттырды.

Академияға Қазақстанның 14 өңірі мен қаласынан қоғамдық ұйымдардың басшылары мен мамандары, құқық қорғаушылар, адвокаттар, журналистер, зерттеушілер, сондай-ақ балалардың, әйелдердің, мүгедектігі бар адамдардың, жастардың және басқа да топтардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін белсенділер қатысты. Қатысушылардың кәсіби және өңірлік тұрғыдан кеңінен қамтылуы құқықтарды қорғау және сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етудің түрлі салаларында жұмыс істейтін ұйымдар мен мамандар арасында практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

2026 жылғы 28–30 қыркүйек аралығында өткен үш күндік іс-шарада қатысушылар құқық үстемдігі мен адам құқықтарының өзара байланысын, халықаралық және ұлттық стандарттарды, құқық үстемдігінің жай-күйін бағалау құралдарын, сондай-ақ Қазақстанның сот жүйесінің қызметіне қатысты өзекті мәселелерін талқылады.

Биылғы бағдарламада конституциялық бақылау мен әкімшілік әділет мәселелеріне ерекше назар аударылды. Академияның практикалық бөлігінде қатысушылар Конституциялық Сотқа негізді өтініштер дайындау жолдарын қарастырып, нақты мысалдар мен өтініш берушілер жиі жіберетін қателерді талдады. Сонымен қатар Конституциялық Соттың өкілеттіктері мен оның шешімдерін орындалуын талқылады. Бағдарламаның басқа бөлімінде қатысушылар әкімшілік әділет, оның сот төрелігі жүйесіндегі орны, әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттары, әкімшілік талап қоюды рәсімдеу талаптары және сот актілеріне шағым жасау тәртібі жайлы көбірек ақпарат алды.

Академия жұмысына конституциялық және әкімшілік сот төрелігі, адвокаттық қызмет, адам құқықтарын қорғау және ұлттық құқық қорғау институттарымен өзара іс-қимыл салаларында тәжірибесі бар заңгерлер мен сарапшылар қатысты.

Академия Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (ҚСЗО) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (АҚХӘ) іске асыратын «Барлығы үшін құқық үстемдігін ілгерілету жөніндегі азаматтық қоғамның үйлестірілген іс-қимылдары» жобасы шеңберінде өтті. Жоба үш жылға, 2024 жылдың басынан 2026 жылдың соңына дейін, жоспарланған және Қазақстандағы құқық үстемдігін қолдау мен қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі сын-қатерлерге ден қою үшін азаматтық қоғамның әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 701 744 44 29 телефоны немесе omiroshnichenko@hotmail.com  электрондық поштасы арқылы LPRC үйлестірушісі Ольга Мирошниченкоға  хабарласыңыз

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu