
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Азаматтық қоғам өкілдеріне арналған ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ АКАДЕМИЯСЫ бастамасын 2025 жылы жалғастыратынымызды қуана хабарлаймыз. Академия Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) жүзеге асыратын»Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы аясында ұйымдастырылады.
Қашан? Академия 2025 жылдың 22-24 қазаны аралығында Алматы қаласында (оффлайн) өтеді.
Академя қалай өтеді? Академя күн сайын 9:00-ден 18:00-ге дейін (Алматы уақыты бойынша) оффлайн форматта өтеді.
Шарттары: Қатысу тегін. Оқу орыс тілінде болады. Алматы қаласынан тыс қатысушылар үшін тұру және Академия өтетін жерге бару ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.
Кім қатыса алады?
1) Балалардың, әйелдердің, жастардың, мигранттардың, мүгедектігі бар адамдардың және басқа да осал топтардың құқықтарын қорғауға маманданған азаматтық қоғам ұйымдарының жетекшілері мен заңгерлері;
2) Азаматтық белсенділер;
3) Азаматтық қоғам ұйымдарымен тұрақты жұмыс істейтін және халықтың осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсететін заңгерлер мен адвокаттар.
Қатысушылар қандай білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болады? Құқық үстемдігі академиясы Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және біліктілігін нығайтуға бағытталған. Бағдарлама құқық үстемдігі, тәуелсіз сот жүйесі, қылмыстық сот төрелігі, әкімшілік сот төрелігі, адам құқықтарының бұзылуын құжаттау және стратегиялық сот ісін жүргізудің негізгі мәселелерін қамтиды.
👉 Академияға тіркелу үшін СІЛТЕМЕГЕ.өтіңіз:
Академияда талқыланатын негізгі тақырыптар:
- Құқық үстемдігі негіздері: құқық үстемдігі түсінігі мен құрамдас бөліктері.
- Сот жүйесінің ерекшеліктері.
- Әкімшілік әділет: Әкімшілік сот төрелігі бойынша практикум.
- Адам құқықтарының бұзылуын құжаттау: технологиялар мен әдістемелер.
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына шағымдану: шағым критерийлері мен құқықтық нормаларды даулау бойынша практикум.
Академияға орын шектеулі екенін ескеріңіз, сондықтан тіркелу қатысуыңызға кепілдік бермейді. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен адам құқықтары саласында тәжірибесі бар, оқуға деген ынтасы күшті, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданудың нақты жоспарлары бар заңгерлерге басымдық беріледі.
Тіркелу арқылы сіз жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырды. Оның мазмұнына тек «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. Басылым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) жүзеге асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы шеңберінде дайындалды.