Құрметті үкіметтік емес секторының заңгерлері мен адвокаттар!

Сіздерді 24 қазан мен 7 қараша аралығында өтетін бейбіт жиналыстар барысында ұсталған адамдарды қорғаудың тиімді дағдыларын қалыптастыру бойынша үкіметтік емес сектордың заңгерлері мен адвокаттарына арналған онлайн тренингтер жиынына қатысуға шақырамыз.

Тренерлер ретінде қазақстандық жетекші адвокаттар мен құқық қорғаушылар: Жан Кунсеркин, Эльвира Боханова, Жанар Балгабаева, Аманжол Мухамедьяров, Инара Масанова және Татьяна Чернобиль.

Оқу шеңберінде сіз бейбіт жиналыстар барысында ұсталған адамдарды қорғау стратегиясы бойынша толыққанды білім мен практикалық дағдылар кешенін аласыз:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін жаңа заңнама және практика;
2) бейбіт жиналыстарға қатысушыларды ұстау ерекшеліктері. Қорғаушының тактикалық іс-әрекеттері;
3) бейбіт жиналыстарға байланысты істер бойынша әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктері;
4) бейбіт жиналыстарға байланысты істер бойынша сот шешімдері мен әкімшілік қудалау органдарының іс-әрекеттеріне шағым жасау;
5) БАҚ және бейбіт жиналыстар. Бейбіт жиналыстарды жариялауға байланысты БАҚ өкілдерін және олардың құқықтарын қорғау ерекшеліктері.

Тренингтер жиынтығы 7 қарашада ауқымды Case forum-мен аяқталады, онда адвокаттар өздерінің практикалық тәжірибелерімен, бейбіт жиналыстар кезінде ұсталған адамдарды қорғаудың тактикалық тәсілдерімен және стратегияларымен бөліседі.

Біліктілікті арттыруға қатысу-тегін! Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді!
Асығыңыз! Орындар саны шектеулі! Тренинг жазбалары болмайды!

Оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі. Оқу сағаттарының жалпы саны-астрономиялық 17 сағат.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу керек.

Тренингті Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) ұйымдастырады.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз