📜🔍 «Қазақстандағы кемсітушілік жағдайларына қарсы шығудың құқықтық мүмкіндіктері» атты құжатты LPRC сайтында жарияладық (құжат орыс тілінде қолжетімді).
Бұл жарияланым Канаданың жергілікті бастамалар қоры (CFLI) қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» Қоғамдық қорымен жүзеге асырылатын «Қазақстандағы кемсітуге қарсы күн тәртібін журналистер, блогерлер, құқық қорғаушылар мен заңгерлер үшін ақпараттық-насихаттау науқаны және тренингі арқылы ілгерілету» жобасы аясында дайындалды.
📖📚 Құжатта сіз келесі ақпаратты таба аласыз:
* Кемсітушілік түсінігінің анықтамасы.
* Адам құқықтары саласындағы кемсітушілік түрлері және оның көріністері.
* Халықаралық және ұлттық деңгейде кемсітуге қарсы құқықтық механизмдер.
* Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қоса алғанда, сотта кемсітушіліктен қорғаудың құқықтық мүмкіндіктері.
* БҰҰ-ның шарттық органдары тарапынан кемсітушілікке қатысты қарастырылған істер.
* Кемсіту фактілерін дәлелдеудің логикалық тәртібі.
📚💡 Бұл құжат тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттарға, сондай-ақ Қазақстандағы құқықтарды қорғауға және кемсітушілікпен күресуге мүдделі кез келген адамға пайдалы болады. Құқықтарыңызды білу – барлық азаматтар үшін әділдік пен теңдік жолындағы алғашқы қадам деп білеміз.
Біздің сарапшыларға, атап айтқанда Татьяна Чернобиль, Евгений Жовтис және Аяжан Ойратқа құнды білімдері мен осы құжатты жасауда практикалық қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз. Алдағы уақытта елімізде кемсітушілікке қарсы күрес пен әрбір адамның құқығын қорғауда бұдан да ілгерілеушілікті көреміз деп сенеміз. 🙌
💬 Құжатқа қол жеткізу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз
Бірге біз әлемді барлығы үшін әділ және тең орынға айналдыра аламыз. 💪