Бұл шолудың мақсаты – 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың өзгерістері мен үрдістерін, оларға әсер ететін оң және теріс факторларды талдау және алдағы төрт жылға ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы мен тактикасын бағалау. Шолу құрылымы Стамбулдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын орындау бойынша мониторингтің бесінші раунды шеңберінде ЭЫДҰ мониторингтік тобы қолданатын негізгі индикаторларға сәйкес келеді. Бұл индикаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың барлық салаларын және превенцияның барлық элементтерін – БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының қатысушысы ретінде елдің халықаралық стандарттары мен міндеттемелеріне сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттан бастап, превенцияның барлық элементтері мен елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органына қойылатын талаптарды қоса алғанда, оларды практикада қолдану мәселелеріне дейін қамтиды. Әрбір индикатор өткен жылдағы өзгерістер, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың сапасы мен жылдамдығына, тиімділігі мен өнімділігіне әсері, сондай-ақ осы өзгерістердің одан әрі ілгерілеу үшін маңыздылығы тұрғысынан сипатталған. Шолу таңдалған индикаторлар бойынша жалпы және арнайы ұсынымдармен аяқталады, олар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ғана емес, осы саладағы халықаралық ұйымдарға да жіберілетін болады. Шолумен танысу үшін осы сілтемеден өтіңіз. Осы жарияланым Siemens Integrity Initiative қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) серіктестігімен «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы іске асыратын «ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанда іскерлік парасаттылықты арттыру және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдық және тиімді саясатын іске асыру» жобасы шеңберінде дайындалды. |
Соңғы мақалалар
Жаңалықтар
21 Қараша 2024
Жаңалықтар
23 Қазан 2024
Жаңалықтар
30 Тамыз 2024