Семинар мәселелері: 1) кемсітушіліктің түрлерін қалай тануға болады; 2) кемсітушілік бойынша істерді дайындау кезінде Қазақстанмен ратификациялаған конвенцияларды қалай пайдалануға болады; 3) зардап шеккендерді қорғауда бар құралдарды қалай пайдалануға болады және т.б.
Семинарға тіркелу
Ескертеміз, семинарға арналған орындар саны шектеулі, сондықтан бұл сауалнаманың өтілуі сіздің қатысуыңызға кепілдік бермейді.
Жоспарланған формат: Zoom платформасында онлайн. Семинардың ұзақтығы – 3 сағат.
Семинардың өткізілу күні: 2023 жылы 8 сәуірде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.
Спикерлер:
– Евгений Жовтис, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры
– Татьяна Чернобиль, адам құқықтары жөніндегі сарапшы
– Аяжан Ойрат, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ өңірлік директоры, халықаралық заңгер
Шарттары: Қатысу тегін. Семинар орыс тілінде жүргізіледі. Қатысушыларға біліктілікті арттыруға есептелетін семинар өткендігі туралы онлайн сертификаттар (3 астрономиялық сағат) беріледі.
Ұйымдастырушылар: «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC), Астана қаласының Адвокаттар алқасы және Алматы қалалық адвокаттар алқасы. «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ Астана қаласының адвокаттар алқасымен (25.01.2023) және Алматы қалалық адвокаттар алқасымен (01.03.2023) заңгерлердің біліктілігін арттыруға аккредиттелген.
Қолдаушылар: Бұл семинар Canada Fund for Local Initiatives (CFLI) қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» Қоғамдық қорымен «Қазақстандағы кемсітуге қарсы күн тәртібін журналистер, блогерлер, құқық қорғаушылар мен заңгерлер үшін ақпараттық-насихаттау науқаны және тренингі арқылы ілгерілету» жобасы аясында ұйымдастырылды.