Астанада Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша тоғызыншы сараптамалық форум аяқталды

Форумда Орталық Азия елдеріндегі 2021–2024 ж.ж. қолға алынған қылмыстық сот төрелігі реформалары жан-жақты қарастырылды, соның ішінде әділ сот және сот төрелігіне қол жеткізу, сотқа дейінгі өндірістегі адам құқықтары, тергеу тиімділігі, қылмыстық және пробация реформасы, сот төрелігі жүйесін цифрландыру, оның ішінде жасанды интеллектіні қолданудағы этикалық аспектілерді қамтиды.

Арнайы сессияда сот төрелігі жүйесіндегі гендерлік мәселелер, сот төрелігі жүйесіндегі әйелдердің рөлі және гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері қаралды.

Форум үздік тәжірибе алмасу, қиындықтарды анықтау және аймақтағы мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін құнды платформа болды. Кәсіби пікірталастардың нәтижелері Орталық Азияда заң үстемдігін нығайту және сот төрелігіне қолжетімділікті ілгерілету бойынша тиімді ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Іс-шара ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроcы, ҚЗСО,  Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасы, БҰҰДБ, «Dignity» қоғамдық бірлестігі, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі және ЕҚЫҰ-ның басқа да ОА өңірлік офистері қолдауымен, ЕО және АҚШ мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы бюросының қаржылық  қолдауымен өткізілді.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз