Сәрсенбі, 30 маусым, сағат 15:00-де дербес деректер бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулердің онлайн-талқылауына шақырамыз. Шара ZOOM платформасының көмегімен FB және YouTube арқылы трансляцияланады. Ұйымдастырушы Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC).
2020 жылдың маусым айында цифрлық технологияларды реттеу, оның ішінде дербес деректерге қатысты қазақстандық заңнамаға түзетулер енгізілгенін білеміз. Цифрлық құқықтар мен еркіндік жөніндегі сарапшылар тобы түзетулердің бірінші нұсқасымен танысып, күтілгендей қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтінін айтып отыр. Сонымен қатар бұл өзгерістер операторлардың жұмысына үлкен жүктеме болып, шамадан тыс реттеу мен бақылауға алып келеді деп қауіптенуде.
Осыған орай, онлайн талқылауда сарапшылар өзгерістер мен ұсыныстар бойынша әлі де жауапсыз қалған сұрақтарды талдайды. Сондай-ақ, Грузияның жеке деректерді қорғау жөніндегі инспекторы Тамар Калдани Қазақстандағы жағдайды бағалайтын құжаттарын ұсынады.
Онлайн-талқылауға цифрлық құқықтар жөніндегі сарапшылар тобы, Президент Әкімшілігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері қатысады. Депутаттар және бизнес қауымдастық өкілдері де күтілуде.
Назарларыңызға талқылау бағдарламасының тармақтарын ұсынамыз. Түзетулер тұрғысынан талқылау:
– Қорғауды қамтамасыз ету тиімділігі;
– Дербес деректер үшін қауіпсіздік;
– Құпиялылыққа әсері;
– Пікір білдіру бостандығына әсері
бойынша қорытынды ақпараттар мен ұсыныстарын ортаға салады.
Құрметті журналистер, 30 маусым күні сағат 12:00-ге дейін аккредиттеуден өтуді сұраймыз. Аккредитациядан соң онлайн-талқылаудың сілтемесі жіберіледі. Қосымша сұрақтарыңыз болса мына номерге хабарласыңыздар: +7 776 995 2641