+7 727 356 03 86 | +7 705 925 50 06
RU
Оқиғалар
Звёзд: 1Звёзд: 2Звёзд: 3Звёзд: 4Звёзд: 5 0,00
Loading...

Қазақстанда адвокаттарды оқыту бойынша тәуелсіз жоба басталды

Сарапшылар 2 ай аралығында, бейбіт жиналыстар барысында ұсталған қазақстандықтардың құқықтарын қалай қорғауға болатыны жайында адвокаттарға дәріс оқиды

Жоба Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (Алматы қ.) ұйымдастырылады.

Орталық сарапшыларының айтуынша, соңғы бес жылда елімізде 750-ден астам акция өткізіліп, оларға 25 мыңнан астам адам қатысқан. Тек 2019 жылдың маусым айында 550 адам «Рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін» айыпталып, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жобаның мақсаты – бейбіт жиналыстар барысында ұсталған адамдарды қорғау бойынша үкіметтік емес секторының заңгерлері мен адвокаттарының біліктілігін арттыру.

Жобаның маңызды бөлігі адвокаттар мен заңгерлерге арналған тиімді дағдыларды қалыптастыру бойынша онлайн-тренингтер сериясын өткізу болады. Тренерлер ретінде Жан Кунсеркин, Эльвира Боханова, Жанара Балгабаева, Аманжол Мухамедьяров, Инара Масанова и Татьяна Чернобиль сияқты қазақстандық жетекші адвокаттар мен құқық қорғаушылар шақырылған болатын.

Тренингтер бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу, бейбіт жиналыстарға қатысушыларды ұстау ерекшеліктері және қорғау тактикасы, бейбіт жиналыстарға байланысты істер бойынша әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктері, сот шешімдеріне шағымдану, БАҚ өкілдерін қорғау ерекшеліктері және олардың бейбіт жиналыстарды жариялаудағы құқықтары сияқты тақырыптарға арналады.

2020 жылғы 24 қазанда жоба шеңберінде алғашқы онлайн тренинг өтті. Оның барысында қатысушылар келесі мәселелер бойынша ақпарат алды:

– бейбіт жиналыстар туралы қазақстандық заңнаманың халықаралық стандарттарға (Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісі) сәйкес келмеуі.

– 2020 ж. 25 мамырдағы «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заңның ерекшеліктері мен шиеленістері.

– бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру кезіндегі жергілікті атқарушы органдармен өзара қатынасу мәселелері.

Жобаның нәтижесінде бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және ұсталғандардың құқықтарын тиімді қорғауға қабілетті адвокаттар мен заңгерлер қауымдастығы құрылады.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірінше, осы жобаның арқасында заңгерлер мен журналистерге дайын аудиториямен жұмыс істеу оңайға түседі: азаматтар өз құқықтарын біліп, бейбіт жиындарда құқықты қорғауды ғана емес, әділ сот, пікір білдіру бостандығы және ақпарат алу құқығы сияқты мәселелерді түсініп, оларды да жүзеге асыруға көмектеседі.

Онлайн-тренингтер «Құқықтық көмек көрсету және бейбіт жиындарға құқықты қорғау саласындағы адвокаттық қоғамдастықтың біліктілігін арттыру « жобасы шеңберінде өткізіледі.

Бөлісу