+7 727 356 03 86 | +7 705 925 50 06
RU
Оқиғалар
Звёзд: 1Звёзд: 2Звёзд: 3Звёзд: 4Звёзд: 5 0,00
Loading...

Теориядан практикаға дейін: адвокаттар мен заңгерлер оқуын аяқтады

ҚР Адвокаттық қоғамдастығына арналған бейбіт жиналыстарға қатысушыларды құқықтық қорғау мәселелері бойынша онлайн-тренингтер жиыны аяқталды. Оқу барысында қатысушылар бес онлайн-тренингтен өтті, ал соңында қазақстандық құқық қорғаушылар мен адвокаттардың тәжірибесінен алынған нақты кейстерді талқылады.

ҚР үкіметтік емес секторының заңгерлері мен адвокаттар үшін бейбіт жиналыстар барысында қазақстандықтардың құқықтарын қорғау жобасы аясында жабық онлайн-тренингтер өткізілді. Жобаны Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (Алматы қ.) ұйымдастырады.

Онлайн-тренингтер жиыны ауқымды Case forum-мен аяқталды, онда сарапшылар бейбіт жиналыстар барысында ұсталған адамдарды қорғаудың практикалық тәжірибелерімен, тактикалық тәсілдерімен және стратегияларымен бөлісті. Case Forum спикерлері ретінде құқық қорғаушылар мен адвокаттар шақырылды: Татьяна Чернобиль, Эльмира Боханова, Жан Кунсеркин, Ерлан Ерболатұлы және Инара Масанова.

Атап айтқанда, Инара Масанова 2016 жылғы жер митингілеріне қатысушыларды ұстау кейстерін талдап, адвокаттарды бейбіт жиналыстар барысында ұстау кезінде қорғауды қалай жүзеге асыру керектігін үйрету қажет екенін атап өтті. Сарапшы қатысушыларға берген басты кеңестерінің бірі – Бейбіт жиындарды өткізу күндері ұсталғандарға дер кезінде көмек көрсетуге дайын болу үшін АІІБ ғимараттарына алдын ала бару керек.

Өз кезегінде адвокат Ерлан Ерболатұлы өзінің келесі лайфхакымен бөлісті: бір кездері полиция қызметкерлерінің кедергілеріне қарамастан, бөлімшеде болған 11 ұсталған адамның жеке деректерін АІІБ ғимаратында қалай қайта жазып алғаны. Сол күні адвокат бұл деректерді өзінің Facebook парақшасында жариялады. Осының арқасында бір оқырман күйеуінің қай бөлімшеде ұсталғанын біле алды.

Cондай-ақ cарапшылар ұсталғандардың құқықтарының сақталуын бақылау қажет екендігін атап өтті.

«Ұсталған әйелдерді ер адамдар емес, әйел қызметкерлер алып жүретініне көз жеткізіңіз. Ұсталғандардың дәретханаға жіберілгеніне көз жеткізіңіз. Адамның табиғи қажеттіліктеріне тыйым салуды азаптау элементтеріне жатқызуға болады», – деді Ерлан Ерболатұлы.

Сарапшылар құқық қорғаушылар мен адвокаттардың қандай өкілеттіктерге ие екендіктерін білмейтіндігінен олардың жұмысына кедергі келтіретін полиция қызметкерлерін оқыту қажет деген пікірге келді.

Онлайн-тренингтер «Құқықтық көмек көрсету және бейбіт жиындарға құқықты қорғау саласындағы адвокаттық қоғамдастықтың біліктілігін арттыру « жобасы шеңберінде өткізілді.

Бөлісу