2024 жылғы 21 тамызда Алматы қаласында азаматтық қоғам өкілдеріне арналған Құқық үстемдігі академиясы аяқталды. Академия Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасының 19 тамыздан 21 тамызына дейін өтті. Іс-шараға Қазақстанның 13 өңірінен адам құқықтары, балалар, әйелдер, жастар, мигранттар, мүгедектер және басқа да осал топтардың құқықтарын қорғауға маманданған 27 азаматтық қоғам ұйымының 42 өкілі қатысты.
Құқық үстемдігі академиясы Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдерінің құқықтық сауаттылығы және біліктілігін арттыруға бағытталған. Іс-шара бағдарламасы заң үстемдігінің негізгі аспектілерін, тәуелсіз сот жүйесінің рөлін, қылмыстық сот төрелігін, әкімшілік сот төрелігін, адам құқықтарының бұзылуын құжаттандыруды және стратегиялық сот ісін қарастырды.
Оқыту нәтижесінде Академия тыңдаушылары құқық үстемдігі қағидаттары, қылмыстық және әкімшілік сот төрелігінің негізгі аспектілері туралы терең түсінікке ие болды, сонымен қатар сот жүйесін тәуелсіз бағалау және мониторингтеу, тиімді өзара әрекеттесу әдістері мәселелері, мемлекеттік органдары тарапынан адам құқықтарын бұзу жағдайларын құжаттау және стратегиялық іс жүргізу бойынша біліктілігін арттырды.
Академияның қатысушылары Академияның ұйымдастырушылары бастамашы болған Қазақстандағы құқық үстемдігінің ұлттық желісіне (ҚҮҰЖ) қосылды. ҚҮҰЖ құқық үстемдігі мен сот төрелігі мәселелері бойынша заң шығару және саясатты әзірлеуге мониторинг, бағалау және ықпал ету үшін азаматтық қоғамның үйлестірілген және нәтижеге бағытталған әрекетіне жәрдемдесуге бағытталған. ҚҮҰЖ үйлестіру, сондай-ақ өз мүшелерінің арасында білім алмасу және тәлімгерлікті жеңілдету арқылы, жүргізіліп жатқан сот төрелігі реформалары бойынша азаматтық қоғамның неғұрлым дәйекті, стратегиялық және тиімді әрекетін қамтамасыз етеді.
Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (ҚСЗО) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (АҚХӘ) іске асыратын бұл жоба 3 жылға жоспарланған. Жоба 2024 жылдың басынан 2026 жылдың басына дейін жүзеге асырылады және заң үстемдігі мен Қазақстандағы қылмыстық сот жүргізу саласындағы мәселелерге байланысты азаматтық қоғамның потенциалын дамытуға бағытталған. Жобаның жалпы бюджеті 777,895 евро, соның ішінде Еуропалық Одақтың үлесі – 739,000 Евро. Қосымша ақпарат алу үшін +77017444429 телефоны немесе omiroshnichenko@hotmail.com электронды поштасы бойынша LPRC үйлестірушісі Ольга Мирошниченкоға хабарласыңыз.