Қазақстанның КЕҰ адвокаттары мен заңгерлері бесінші онлайн-тренингті бейбіт жиналыстарды жариялау кезіндегі журналистердің құқықтарын қорғау мәселесіне арнады. Тренинг спикері – Internews Kazakhstan заңгері Ольга Диденко – ұсталған журналистерге қалай көмектесу керегін және өз кезегінде журналистер адвокаттарға қалай көмектесе алатындығы туралы айтып кетті.

Онлайн-тренингтер бейбіт жиналыстар барысында қазақстандықтардың құқықтарын қорғау жобасы аясында ҚР үкіметтік емес секторының заңгерлері мен адвокаттар үшін өткізіледі. Жобаны Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (Алматы қ.) ұйымдастырады.

Бесінші қорытынды тренингте қатысушылар бейбіт жиналыстарды жариялау кезінде БАҚ өкілдері мен блогерлерді қорғау мәселелерін талқылады.

«Әділ сөл» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мәліметінше, 2016 жылғы 21 мамырында жер митингілері кезінде бүкіл Қазақстан бойынша түрлі БАҚ-тан 50-ден астам журналист ұсталды. Ұсталғаннан кейін көп ұзамай барлық журналистер босатылды. ҚР ІІМ басшысы мұны ресми түрде «байқаусызда түсініспеушілік» деп атады.

Ольга Диденко атап өткендей, жер митингілерінің қорытындысы бойынша журналистерге бейбіт жиналыстар кезінде өздерінің ұсталуына өздері ықпал еткендері туралы “қатысушылар жиынмен араласып, баспасөзге катыстылығын анықтайтын еш белгілерін таққан жоқ” деп хабарлады.

«2016 жылы бейбіт жиындар барысында журналистердің ерекшелік белгілерін тағуы туралы норма әлі қабылданған жоқ», – деп атап өтті сарапшы.

2020 жылы бейбіт жиналыстарда журналистер қызметінің және анықтаушы белгілерін тағу қағидалары бекітілді. Бұл қағидалар 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңында бекітілген.

Жаңа ережелерге сәйкес, журналисттің қызметтік куәлігі және айырым белгілері болуы тиіс – бұл «Баспасөз» деген жазуы бар көк көкірекше немесе жеңдегі таңғыш болуы мүмкін.

Сарапшы тренинг қатысушыларына, бейбіт жиналыстар кезінде БАҚ өкілдерін қорғау барысында қазақстандық заңнамадан басқа екі халықаралық құжатқа сүйену қажеттігін еске салды, олар:

  1. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің пікір бостандығы және оларды білдіру жөніндегі жалпы тәртіптегі ескертулері.
  2. Бейбіт жиындар еркіндігі бойынша ЕҚЫҰ-ның басты қағидаттары.

Сарапшы атап өткендей, блогерлермен және азаматтық журналистермен жұмыс істеуде ерекшеліктері бар – БАҚ-тың штаттық қызметкерлеріне қарағанда, олардың қызметтік куәлігі жоқ және оларды бейбіт жиындарға қатысушыларға теңестіруі мүмкін.

«Сондықтан біз барлық редакцияларға бейбіт жиналыстарды жариялау үшін жұрт назарын тартатын фрилансерлерге қызметтік куәліктерді беруді ұсынамыз», – деп атап кетті спикер.

Оған қоса тренинг қатысушылары журналистер бейбіт жиналыстар барысында басқа ұсталғандарды қорғау кезінде заңгерлерге қалай көмектесе алатынын білді. Атап айтқанда, журналистерден сотта куәгер ретінде сөйлеуді, олардан оқиға орнынан фото, видео және аудиожазбаларды сұрауды, сондай-ақ сот процестерін жариялау туралы келісімін сұрауға болатындығы.

Естеріңізге сала кетейік, жоба барысында ҚР Адвокаттық қоғамдастығы үшін жабық бес онлайн-тренинг өтті. Зерделенген тақырыптар арасында: бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің заңнамалық нормалары, бейбіт жиналыстарға қатысушыларды ұстау ерекшеліктері, бейбіт жиналыстарға қатысушыларды қорғау стратегиясы, бейбіт жиналыстарға байланысты істер бойынша сот шешімдеріне шағымдану, сондай-ақ БАҚ өкілдерін қорғау мәселелері бар.

Онлайн-тренингтер «Құқықтық көмек көрсету және бейбіт жиындарға құқықты қорғау саласындағы адвокаттық қоғамдастықтың біліктілігін арттыру « жобасы шеңберінде өткізіледі.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз