Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен «Адвокаттық қоғамдастықтың әлеуетін арттыру» жобасы аясында біз бейне-сұхбат сериясын іске қостық. Бейне-сұхбаттың мақсаты-қатысушылар, адвокаттар мен құқық қорғаушылар тарапынан түрлі көзқарастардан Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу үдерісі туралы айту.
Сіздердің назарларыңызға сарапшы, әлеуметтанушы Камила Ковязинамен соңғы сұхбатты ұсынамыз. Бұл шығарылымда біз қазақстандықтардың неліктен бейбіт жиналыстарға шығатынын, соңғы жылдар ішінде біздің елімізде митингтерге деген көзқарас қалай өзгергенін және оған қандай факторлар әсер ететінін түсінуге тырысамыз.
Талқыланған тақырып аясында келесі мәселелер қарастырылды:
- Қазақстандықтар қандай себептермен бейбіт жиналыстарға шығады?
- Көптеген жылдар бойы қоғам бейбіт жиналыстарға деген көңіл-күй мен көзқарасты қалай өзгертті? Бұған қандай факторлар әсер етеді?
- Наразылықтар саны артып келеді ме?
- Қазіргі қазақстандық белсендінің портретін қалай сипаттауға болады?
- Әлеуметтік желілер азаматтық белсенділікке қандай әсер етеді?
- Қандай жас топтары наразылықтарға, бейбіт жиналыстарға жиі барады?
Сонымен қатар,Камила Ковязина Covid-19 пандемиясының Қазақстан Республикасындағы азаматтық белсенділікке қандай әсер еткені және зардаптары туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, сұхбатта қоғам арасындағы тұтастықтың өсуі, оның ішінде өз құқықтары үшін де талқыланады және 2021 жылы елдегі азаматтық белсенділіктің дамуына қатысты болжамдар беріледі.
Бұл бейне сұхбатты орыс тілінде мына сілтеме арқылы көре аласыздар.