
Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (IPHR) іске асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасының аясында Қазақстан Республикасының қылмыстық сот төрелігі шеңберінде адвокатура мен заң көмегінің жай-күйі жөніндегі жобаны қаржылық қолдауға конкурс жарияланады.
№ 3 ЛОТ тапсырмасының атауы: Әзірленген Қылмыстық сот төрелігі жүйесіне мониторинг жүргізу әдіснамасын (4, 5-салалар) қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық сот төрелігі шеңберінде адвокатура мен заң көмегінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау.
1. Мәнмәтін
Тапсырма Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (IPHR) іске асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Әзірленген Қылмыстық сот төрелігі жүйесіне мониторинг жүргізу әдіснамасы (4-5-сала) бойынша, жобаның жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстанның адвокатура мен заң көмегі саласында халықаралық стандарттардың орындалуына мониторинг жүргізу көзделген.
2. Тапсырманың мақсаты
4, 5-салалар әдіснамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Адвокатура мен заң көмегі мәселелері бойынша кешенді мониторинг жүргізу: (4-сала «Адвокатура» әдіснамасы мына сілтеме бойынша: https://admin.rolforall.kz/wp-content/uploads/2025/09/sfera-4.-advokatura_final.pdf), 5-сала «Заң көмегі» әдіснамасы мына сілтеме бойынша: https://admin.rolforall.kz/wp-content/uploads/2025/08/sfera-5.-yuridicheskaya-pomoshh.pdf) және тапсырыс беруші әзірлеген нысан бойынша заңнама мен іс-тәжірибенің халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдай отырып, бөлек есептер дайындау (есептер үлгісі мына сілтемелер бойынша: https://iphronline.org/wp-content/uploads/2025/04/rus-analytical-report-on-the-bar-of-the-kyrgyz-republic.pdf және https://iphronline.org/wp-content/uploads/2025/03/rus-analytical-report-on-legal-aid-in-the-kyrgyz-republic.pdf ).
3. Күтілетін нәтижелер
№ | Нәтиже | Мерзім | Формат |
1 | Мониторинг жоспары, оның ішінде сауалнамалардың тізбесі, күнтізбелік жоспар | келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 2 апта | Word/PDF |
2 | Әдістеме бойынша сапарлар және деректер жинау өткізілді | жоспар бекітілген сәттен бастап 4 ай ішінде | Аралық есеп |
3 | 4 және 5-саланың барлық индикаторлары бойынша тұжырымдары мен ұсынымдары бар талдамалық есептер (бөлек есептер) дайындалды | келісімшарт басталғаннан бастап 6 айдан кешіктірмей | Word + ақырғы PDF макеті |
4. Әдіснама және тәсіл
Мониторинг 4 және 5-сала бойынша әдіснамаға (қоса беріліп отыр) қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс, оның ішінде:
- Заңнаманы талдау (Деректер Конституцияның ережелерін, адвокатураның қызметін реттейтін арнайы заңдарды (құқықтық талдау), сондай-ақ адвокатураның ішкі актілерін (мысалы, Адвокатура жарғысы, Аумақтық адвокатуралар туралы ереже), сондай-ақ Әділет министрлігінің Адвокатура қызметі бөлігіндегі актілерін бағалау негізінде бағаланады.);
- Сауалнамалар мен сұхбаттар:
- республикалық және аумақтық адвокатуралардың басшыларымен,
- әрекеттегі адвокаттармен,
- ҚР Әділет министрлігінің өкілдерімен.
- Ашық дереккөздерді зерттеу (БАҚ, халықаралық және жергілікті ұйымдардың есептері);
- Статистиканы жинау және талдау (сұрау бойынша немесе ашық деректерден);
- Верификацияға арналған деректерді триангуляциялау.
Мониторинг құралдары (сауалнамалар, термесауалдауыштар, чек-парақтар) бейімделуі мүмкін, бірақ Әдіснаманың барлық бақылау көрсеткіштерін қамтуы тиіс.
5. Мониторингтің географиясы
- Республикалық адвокаттар алқасы
- ҚР облыстарының кемінде жартысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың аумақтық адвокаттар алқалары.
6. Орындау мерзімдері
- Басталуы: 2025 ж. 1 қарашасы
- Аяқталуы: 6 айдан кешіктірмей
- Аралық есептер мен келісулер – келісілген кестеге сәйкес.
7. Тапсырманың тілі
Барлық құжаттар мен есептер орыс тілінде ұсынылуы тиіс.
8. Бюджет және қаржыландыру
Осы тапсырма бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы құны (егер қолданылатын болса, барлық салықтар мен алымдарды қоса алғанда) 40 000 еуродан аспауы тиіс.
Қаржыландыру Еуропалық одақпен қолданыстағы гранттық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады, оған кіретіні:
- 95% (38 000 еуроға дейін) – Еуропалық одақ ұсынған жобаның қаражаты есебінен;
- 5% (2 000 еуроға дейін) – имплементордың жеке салымы есебінен, ол ақшалай түрде қамтамасыз етілуі тиіс (мысалы, штаттағы қызметкерлердің жұмыс уақыты, кеңсе жалдау, логистикалық қолдау және т.б.)
Бюджеттік ұсыныс еурода ұсынылуы және шығындардың негізгі санаттары (қаламақылар, көлік, тұру, далалық зерттеулерге арналған шығыстар, есеп дайындау және т.б.) бойынша ашық бөліністі қамтуы тиіс. Барлық ұсынылатын шығыстар қажетті, негізделген, шынайы болуы және баға мен сапа арақатынасының қағидатына сәйкес келуі тиіс.
Ақы төлеу Техникалық тапсырмада сипатталған нәтижелерді ұсыну және бекіту кестесіне сәйкес, қол қойылған актілер мен тиісті растаушы құжаттар негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады
- 40% – мониторинг жоспарын ұсыну бойынша;
- 40% – аралық есепті және мониторинг жүргізудің дәлелдемелерін ұсыну бойынша;
- 20% – ақырғы есепті бекіту бойынша.
9. Өтініш берушілерге қойылатын критерийлер
Өтініш берушілер (азаматтық қоғам ұйымдары (заңды тұлғалар) немесе консорциумдар) келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- Қазақстанда тіркелген коммерциялық емес заңды тұлға болу;
- Адам құқықтары саласында мониторинг жүргізудің расталған тәжірибесінің болуы;
- Қылмыстық сот төрелігі саласында құқықтық талдау тәжірибесінің болуы;
- Сандық және сапалық әдістерді (сауалнама, сұхбат, бақылау) қолдана отырып, деректерді жинау, талдау және түсіндіру тәжірибесінің болуы;
- Халықаралық донорлардың (ЕО, БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б.) талаптарына сәйкес келетін есептерді дайындау тәжірибесі құпталады;
- Білікті команданың болуы, оған кіретіндер:
- пенитенциарлық жүйеде тәжірибесі бар заңгер/құқық қорғаушы;
- сандық және сапалық әдістер жөніндегі социолог/талдаушы;
- осал топтармен жұмыс жөніндегі мамандар;
- Дала жұмыстарын тиісті үйлестіруді, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қабілеті;
- Құпиялылық, гендерлік сезімталдық және инклюзивтілік стандарттарын сақтау.
- Келісімшартты тиісті түрде әкімшілендіру қабілеті (оның ішінде бухгалтерлік есеп, есептілік, шығындарды растау құжаттары);
- Жұмыстардың жалпы құнының кемінде 5% мөлшерінде өз үлесін қамтамасыз етуге дайын болу;
- Құпия деректермен жұмыс істеуге және әдептік стандарттарды сақтауға дайын болу;
- Өтініш беруші мемлекеттік органдармен, ҚР ӘМ-мен және/немесе мүдделі тараптармен мүдделер қақтығысының жоқтығын растауы тиіс;
- Тәуелсіздік, бейтараптық, кәсіби әдеп және бейзорлық қағидаттарына сәйкес әрекет етуге дайын болу;
- Әдіснаманы қолдану мәселелері бойынша арнайы оқытуға қатысуға дайын болу.
10. Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 25 қыркүйегі мен 9 қазаны аралығында қабылданады.
Өтінімде қамтылуы тиіс:
- 4-5-салалар Мониторинг әдіснамасына негізделген, орыс тілінде толтырылған Өтінім нысаны (1-қосымшаға сәйкес, ең көбі 15-20 бет);
- Ағылшын тілінде толтырылған Бюджет нысаны (2-қосымшаға сәйкес, еуро валютасында жасалады);
- Ұйымды Қазақстанда тіркеу туралы куәлік;
- Қаржыландырушы ұйым мен бюджет сомасы көрсетілген 2023-2025 жылдардағы орындалған/ағымдағы жобалардың тізбесі;
- Жобалау командасының негізгі мүшелерінің түйіндемелері.
Өтінім және бюджет нысандарын мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады: https://drive.google.com/drive/folders/1VTqYwRlCFqoYueqzUKacNhEHTmAfuUiZ?usp=sharing
Барлық құжаттар мына электрондық адреске жіберілуі тиіс: apply@iphronline.org
хат тақырыбы: «№3 лот–Адвокатура мен Заң көмегі мониторингі – [ұйымның атауы]».
Әлеуетті өтінім берушілер үшін онлайн ақпараттық сессия өткізіледі, онда жоба командасы конкурс, міндеттер және күтілетін нәтижелер туралы сұрақтарға жауап береді.
📅 Күні мен уақыты: 2025 ж. 30 қыркүйегі, Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де]
📍 Форматы: онлайн (сілтеме сұрау бойынша ұсынылады)
📩 Қатысуға сілтеме алу үшін «Ақпараттық сессия – №3 лот» тақырыбымен 2025 ж. 30 қыркүйек, сағат 16:00-ге дейін omiroshnichenko@hotmail.com адресіне хат жолдаңыз.
11. Ұсыныстарды бағалау критерийлері
Критерий | Ұпайлар |
Міндетті түсіну және әдіснамалық тәсіл | 40 |
Команда біліктілігі | 30 |
Жұмыстардың жоспар-кестесі | 20 |
Қаржылық ұсыныс | 10 |
12. Ерекше талаптар
Ұйым/Консорциум 3-лотқа бір ғана өтінім бере алады және 5 лотты орналастыру шеңберінде бір ғана конкурсты ұта алады.
Сондай-ақ келесі лоттарды орналастыру күтілуде:
– 2-лот. Әзірленген Қылмыстық сот төрелігі жүйесіне мониторинг жүргізу әдіснамасы (7-сала) қолдана отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық сот төрелігінің сот кезеңіне мониторинг жүргізу және қорытынды талдамалық есепті дайындау.
– 4-лот. Әзірленген Қылмыстық сот төрелігі жүйесіне мониторинг жүргізу әдіснамасын (1, 2, 3-салалар) қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық сот төрелігі шеңберінде қылмыстық-құқықтық саясаттың, сот жүйесі мен прокуратураның жай-күйіне мониторинг жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау.
– 5-лот. Әзірленген Қылмыстық сот төрелігі жүйесіне мониторинг жүргізу әдіснамасын (7-сала) қолдана отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық сот төрелігінің сотқа дейінгі кезеңіне мониторинг жүргізу және қорытынды талдамалық есепті дайындау.
Анонстарды қарап жүріңіз.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырған. Оның мазмұны «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ-ның айрықша жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың көзқарасын міндетті түрде көрсетпейді. Жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (IPHR) іске асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері»» жобасы шеңберінде дайындалды.