Үкіметтік емес секторының заңгерлері мен адвокаттар қауымдастығына арналған үшінші онлайн-тренингте тыңдаушылар бейбіт жиналыстарға байланысты істер бойынша әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін талдап, қорғау стратегиясын құруды үйренді.
Онлайн-тренингтер бейбіт жиналыстар барысында қазақстандықтардың құқықтарын қорғау жобасы аясында ҚР үкіметтік емес секторының заңгерлері мен адвокаттары үшін өткізілетінін естеріңізге сала кетейік. Жобаны Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (Алматы қ.) ұйымдастырады.
Үшінші онлайн-тренингтің спикері ретінде адвокат, Алматы адвокаттар алқасының мүшесі Жан Күнсеркин сөз сөйледі.
Сарапшының айтуынша, адамның әмбебап құқықтары мен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізін қалаушы қағидаттары тұрғысынан азаматтардың кез келген жаппай акцияларын, оның ішінде наразылық сипатындағы акцияларын тек қана азаматтардың бейбіт жиналысы ретінде қарау керек.
«2019 жылғы президенттік сайлауға байланысты наразылық акциялары барысында барлық істер бойынша ешбір азаматқа тас, таяқ, флаер, газ баллондары және жаппай тәртіпсіздік барысында жиі қолданылатын басқа да заттарды пайдалану үшін айып тағылған жоқ», – деп атап өтті Ж.Күнсеркин.
2019 жылғы бейбіт жиналыстар нәтижесінде адвокаттық құқықтық көмек көрсетілген азаматтардың басым көпшілігінің полициямен қарым-қатынас жасаудың тәжірибесі жоқ және бұрын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандықтарының фактісі де анықталды.
«Мұндай азаматтар үшін әкімшілік іс жүргізу беймәлім, олар үшін әкімшілік сот ісін жүргізуде өз мүдделерін білдіру өте қиын», – деп атап өтті спикер.
Онлайн-тренинг барысында тыңдаушылар нақты кейстерді талдап, наразылық акциясы барысында кездейсоқ ұсталған қарапайым өтіп бара жатқан адамдар, сондай – ақ бейбіт жиналыстарға тікелей қатысушылар сияқты, өздерінің клиенттерін қорғау стратегиясы мен ұстанымын бірлесіп құруды үйренді.
Тренинг барысында клиенттің тіліне тиістілігі және сот ісін жүргізу тілін бұзу, мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен жұмыс істеу ерекшеліктері, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын егжей-тегжейлі зерделеу, әкімшілік қаулыға сотқа шағымдану және апелляцияға рұқсат сияқты қорғау тарапы үшін маңызды мәселелер зерделенді.
Спикер сондай-ақ тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 10-бабының 2 тармағына сәйкес келесі ережелерді еске салды:
2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндар да оның пайдасына шешiлуге тиiс.
Онлайн-тренингтер «Құқықтық көмек көрсету және бейбіт жиындарға құқықты қорғау саласындағы адвокаттық қоғамдастықтың біліктілігін арттыру « жобасы шеңберінде өткізіледі.