Конституциялық Сот өзінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 63-НҚ нормативтік қаулысында ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 645-бабының алқабилердің бірі сот отырысына қатысу мүмкін еместігі анықталған жағдайда алқабилерді ауыстыру тәртібі туралы нормалары ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп таныды. Бұдан бұрын біз осы сұрақ бойынша көрнекті ресейлік сарапшының пікірін жазған едік.
Арызданушы ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 645-бабының 4-бөлігін даулаған, онда алқабилердiң қайсыбiреуiнiң кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы айтылған. Мұндай жағдайда кәсіби судья мен мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, төрағалық етуші алқабидi қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі таусылған болса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
Арыз беруші сондай-ақ ҚПК 645-бабының 5-бөлігін даулады, оған сәйкес кез келген алқаби осы Кодекстiң 647-бабының 4-бөлiгiнде белгiленген шектеулердi сақтамаған жағдайда, iстi қараудың кез келген кезеңiнде iске одан әрi қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Сонымен қатар арыз беруші, ҚПК 645-бабының 6-бөлігі бойынша Конституцияға сай емес деп есептейді, ол бойынша алқабидi шеттетудi төрағалық етушi тараптардың қатысуымен жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады, бірақ жеке қаулы шығарылмайды.
Арызданушы субъект қолданыстағы заңнама, атап айтқанда ҚПК 645-бабының 4 және 5 бөлігінде кеңесу бөлмесінде алқабилерді жол берілетін ауыстырудың соңғы сәтінің шегін нақты реттемейді деген. Бұл судьяға кең дискрециялық өкілеттіктер береді және алқабилер мен судья арасындағы теңдіктің бұзылуына әкеледі, бұған Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Заңы мен ҚПК кепілдік береді. Бұған қоса, ҚПК төрағалық етушінің алқабиді шеттету туралы іс жүргізу шешіміне шағымдану құқығының болмауы, ол тек сот отырысының хаттамасында көрсетіледі, сот талқылауының нәтижесіне әсер ететіндіктен, сот қорғауына құқықты шектейді.
Конституциялық Сот арызданушының дәлелдерін зерттей отырып, ҚР ҚПК 645-бабының ережелерін ҚР Конституциясына сәйкес деп таныды, алайда ол негізгі құрамды ауыстыру кезінде алқабилер алқасын тарату қажеттілігін барынша азайтуға бағытталған ҚР ҚПК өзгерістер енгізуді ұсынды. Ықтимал шешімдердің бірі ретінде қосалқы алқабилер санын ұлғайту ұсынылады, бұл сот талқылауының тұрақтылығын сақтауға және әділ сот құқығын бұзу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Конституциялық Сот конституциялық кепілдіктерді іске асыруды қиындататын қолданыстағы құқықтық олқылықтарға назар аударды. Осыған байланысты Үкіметке алқабилердің қатысуымен сот арқылы қорғау тетігін күшейту мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалауға бастамашылық жасау ұсынылды.
«Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Қазақстанда алқабилердің қатысуымен сот реформаларын құруда және кейінгі реформаларда сарапшы ретінде қатысқан өзінің аға құқық кеңесшісі, з.ғ.к. Дмитрий Нурумовқа түсініктеме алу үшін жүгінді.
«ҚР КС даулы мәселелер қазақстандық алқабилер сотының жүйесі үшін аса елеулі, өйткені судья алқабилермен бірге кеңесу бөлмесіне шығарылады. Бұл кәсіби судья алқабилерге қысым көрсетіп, қажет болған жағдайда алқабилерді ауыстыру үшін кең өкілеттіктерді пайдалана алады деген алаңдаушылық тудырады.
Англосаксондық жүйесінің елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Канада) алқабилер үкім шығарған кезде толық автономияға ие және олардың жұмысына араласу қатаң шектелген. ҚР ҚПК сот отырысына қатысудың «мүмкін еместігі» деп санауға болатынын нәрсені нақты көрсетпейді, бұл құқықтық белгісіздік тудырады. Алқабилердің қатысуымен соттың қазақстандық үлгісіндегі кәсіби судья алқабилермен тең дәрежеде үкім шығаруға қатысады. Сондықтан төрағалық етушінің істі үкім шығару сатысынан «қайтару» жөніндегі өкілеттігі барынша қысқартылуға тиіс, өйткені мұндай судьяға алқабилерге ықпал етуге мүмкіндік береді.
Алқабидің қатысуының «мүмкін еместігі» кеңесу бөлмесіне шығарылғаннан кейін немесе тіпті үкім шығарылғаннан кейін анықталатынын жоққа шығаруға болмайды. Бұл мұндай фактілерді ыңғайлы уақытқа дейін әдейі «сақтауды» көрсетуі мүмкін. Алқабиді шеттету үшін негіздер істі қараудың әрбір кезеңінде нақты регламенттелуге тиіс. Үкім бойынша дауыс бергеннен кейін алқабилерді ауыстыруға және алқаны таратуға тыйым салу белгіленуі керек, ал үкімді одан әрі даулау апелляциялық сатыда өтуі керек. Көптеген юрисдикцияларда дауыс беру басталғаннан кейін алқабилердің ешқайсысын алып тастауға немесе ауыстыруға болмайды, бұл алқаның тәуелсіздігін қорғайды және манипуляция қаупін азайтады деген ереже бар.
ҚПК төрағалық етушінің сот отырысының хаттамасында ғана емес, сот қаулысында көрсетілген алқабиді шеттету туралы процестік шешіміне шағымдану құқығының болмауы, менің ойымша, сот қорғауына құқықты шектейді. ҚР Конституциялық соты үкім шығарылғаннан кейінгі кез келген араласу әділ сот талқылауы мен құқықтық сенімділік қағидаттарына нұқсан келтіретінін атап өтті. Бұл ұстаныммен келіспеу қиын.
Алқабилердің талқылауы сот процесінде шешуші рөл атқарады. Алқаби кеңесу бөлмесінде болмаған жағдайда судья оның болмау себебін анықтауға міндетті. Егер себеп дәлелді болса (ауру, денсаулықтың кенеттен бұзылуы, төтенше жағдай), оны қосалқы алқабилермен алмастыруға болады. Алайда, процестің әділдігін қамтамасыз ету үшін талқылау қайтадан басталуы керек, өйткені қосалқы алқабилер қазірдің өзінде басталған талқылауға қосыла алмайды.
Кейбір елдерде, егер қосалқы алқабилер болмаса, сот процесті қысқартылған құраммен жалғастыра алады (тараптардың келісімімен) немесе процесті сәтсіз деп жариялай алады. Алайда, алқабилер санының азаюы даулы және көп жағдайда тек азаматтық істерде қолданылады.
Алқабилердің кеңесу бөлмесінен судьяның рұқсатынсыз кетуге құқығы жоқ. Егер бұл орын алса, судья алқабиді кері шақыра алады, оның міндеттерін еске түсіреді, оны ауыстырады (егер бар болса) немесе өрескел бұзушылық болған жағдайда процесті сәтсіз деп жариялайды. Егер алқаби дауыс беруден бас тартса немесе процеске әдейі кедергі келтірсе, судья алқабилерді сот залына шақырып, олардың міндеттері туралы еске сала алады, ал ерекше нақты айтылған жағдайларда алқабиді алып тастап, оны қосалқы құраммен алмастыра алады.
Көптеген қосалқы алқабилерді тағайындау жақсы тәжірибе болып табылады, әсіресе сот процесінің болжанбайтын ұзақтығы бар күрделі істерде. ҚР Конституциялық соты өзінің нормативтік қаулысында қосалқы алқабилердің санын көбейтуді ұсынды, бұл қисынды.
Қорытындылай келе, алқабилер сотын реформалауға, оның ішінде классикалық модельге көшу арқылы кеңірек көзқарас қажет екенін атап өткім келеді, бұл мұндай соттың тәуелсіздік кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік береді, оның ішінде кәсіби судья мен факт судьяларының (алқабилердің) рөлін нақты ажыратады. Бұл, оның ішінде, алқабилерді – ерекше жағдайларда – кеңесу бөлмесінде дауыс беру басталғанға дейін ауыстыру жөнінде нақты ережелер жасауға мүмкіндік береді.»
Бұл материал Ұлыбритания Үкіметінің Халықаралық даму бағыты есебінен қаржыландырылды. Материалдағы пікірлер Ұлыбритания Үкіметінің ресми көзқарастарын көрсетпейді. Материал «Құқықтық Саясатты Зерттеу Орталығы» ҚҚ (LPRC) іске асыратын «Қазақстанда судьялардың, прокурорлардың және адвокаттардың әлеуетін арттыру жолымен алқабилер сотын нығайту» жобасы шеңберінде дайындалған. Бұл жоба Ұлыбритания Үкіметінің Халықаралық даму бағыты есебінен қаржыландырылды.