2019 жылдың 15 қарашасында ҚАЗАҚСТАН АДВОКАТТАРЫНЫҢ V ФОРУМЫ өтті. Осы жылы форум «Қорғау мен бәсекелестік құқығы: Қазақстанда тиімді жүзеге асыру» тақырыбына арналды.
Форумға 220 қазақстандық адвокаттар қатысты және шақырылған мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Ресей және Өзбекстан заңгерлері қатысты.
Форумда қылмыстық процестегі тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтары, заманауи кәсіби қорғанудың тиімділігі, қорғау құқығы туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін одан әрі жетілдіру, адвокаттық кепілдемелер (проблемалар мен шешу әдістері), адвокаттардың құқығын қорғаудың өзекті мәселелері, жетілдіру, адвокатураның мәртебесін көтеру мақсатында адвокаттық кәсіпті реттеу бойынша ұсыныстар талқыланды.
«Қылмыстық процесстегі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы: иллюзия немесе шындық па?» атты Форумының бірінші сессиясында Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты, Республикалық адвокаттар коллегиясының Тәртіптік комиссиясының төрағасы Данияр Канафин қазақстандық заңгерлердің күнделікті кейбір мәселелеріне тоқталды. Бұл құқық қорғау органдарының ғимараттарында орналасқан клиенттерге еркін қол жетімділіктің болмауы, алқа билер сотының қарауындағы шектеулер, адвокаттардың мемлекеттік құпияларды қамтыған істерге қол жетімділігі, сондай-ақ процедуралық қарсыластардың қысымы аталып өтелді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті мен БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің шешімдерін орындау мәселесі шешілген жоқтығы да көрсетілді.
Жаңа қылмыстық іс жүргізу институттарының қорғану мен білікті заң көмегінің тиімділігіне әсері туралы жеке пікірталас болды. Қатысушылар Эстондық тәжірибе бойышна қорғаушымен қорғау актісін сотқа ұсынуды Қазақстандық қылмыстық іс жүргізугі енгізу мүмкіндігі мен өзектілігін, адвокатураны дамытудағы алқабилер сотының рөлі, Қазақстан Республикасының мысалында, қылмыстық процестегі адвокаттарды ақпараттық қолдау жүйесінің тиісті халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырып талқылады. Ресей Федерациясының Федералды адвокаттар палатасының президентінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Сергей Николаевич Гаврилов «Қылмыстық іс жүргізуде адвокаттарды тағайындау жүйесі: Ресей адвокатурасының тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Форумды Нұр Сұлтандағы ЕҚЫҰ кеңсесінің қолдауымен Республикалық адвокаттар алқасы мен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Форумның бағдарламасымен мына жерден (орыс тілінде) танысуға болады.