28 қаңтарда Алматыда Жауапты бизнес мектебінің аясында ұйымдастырылған Жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл бастама Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі (МИСК) Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (LPRC) және Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің елшілігінің қолдауымен жүзеге асыратын «Бизнес және адам құқығы» атты бірінші жазғы мектеп жобасының арқасында мүмкін болды. Жұмыс күніне қарамастан, шараға 50-ден астам адам қатысты.
LPRC бағдарламасының координаторы Аяжан Ойратова Жұмыс орындар жәрмеңкесінің ашылуы мен панельдік талқылауына қатысты, онда жауапты бизнесті басқару мәселелері талқыланды. Beeline Қазақстан, Mars Kazakhstan, Coca-Cola Kazakhstan және Технодом сияқты ірі компаниялардың өкілдері корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бірегей тәжірибелер мен жобаларды ұсынды. Сонымен қатар, олар қазіргі қызметкерлер қандай дағдыларға ие болуы керек, қандай мәселелер мен шешімдерге назар аудару керек, жаһандық мәселелерді шешуге қалай қатысуға болатындығы және ірі компанияның қызметкері ретінде қатысу туралы пікір алмасты.
Біздің тарапымыздан, коммерциялық емес сектордың өкілдері ретінде студенттерді жеке жауапкершіліктен, экологиялық таза, жауапкершілікті тұтынудан және жалпы адам құқығын құрметтен бастауға шақырдық.
Жауапты бизнес мектебі туралы қосымша ақпаратты http://srb.misk.org.kz/ сайтынан алуға болады.