Жобаның мақсаты – азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру арқылы Қазақстанда заң үстемдігін және сот төрелігін қолдау. Осы мақсатқа жету үшін жоба Қазақстандағы заң үстемдігі бойынша ұлттық желісін (ҚЗҮҰЖ) құруға жәрдемдеседі. Аталған желінің міндеттеріне адам құқықтарына мониторинг жасау, бағалау және қорғау жатады. Жоба Қазақстандағы заң үстемдігі мен қылмыстық сот төрелігімен байланысты азаматтық қоғамның белсенді қатысуына жәрдемдесе отырып, адам құқықтарын ілгерлету мен осы салада реформаларға көмек көрсету үшін тұрақты алаң орнатуды көздейді.

Міндеттері

  1. заң үстемдігі мен сот төрелігімен байланысты реформа процестерін бақылаудағы азаматтық қоғамның рөлін қолдау және күшейту;
  2. әйелдердің, жастардың және басқа осал топтардың құқықтарын ескере отыра адам құқықтарына бағытталған реформаларды ілгерлету және олардың іс жүзінде нәтижелі жүргізілуі үшін үкіметпен белсенді қарым-қатынас орнату.

Негізгі мақсатты топтар

  1. әйелдер, жастар, балалар, мигранттар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен басқа осал топтардың құқықтарын қорғаумен айналысатын  азаматтық қоғам ұйымдары мен олардың өкілдері,
  2. ұлттық деңгейдегі билік өкілдері,
  3. халықаралық институттар өкілдері,
  4. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Жобаның басты компоненттері

Заң үстемдігі бойынша академия азаматтық қоғам өкілдерін мониторинг саласында және заң үстемдігі мен қылмыстық сот төрелігі мәселелеріне анализ жасауға оқыту ұйымдастыру мен тәлемгерлікке бағытталған.

Жоба жүйенің және процедуралардың жұмыс істеуін терең талдау үшін әзірленген қылмыстық сот төрелігі мониторингі әдіснамасын бейімдеп, қолданады. ҚЗҮҰЖ мүшелері құқық қолдану тәжірибесіндегі проблемаларды анықтауға және нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік беретін деректерді жинау және талдау үшін осы әдістемені қолдануға арнайы оқытылады.

Жоба ұлттық және аймақтық деңгейде заң үстемдігі мен қылмыстық сот төрелігі реформаларын, мониторинг нәтижелерін және тиісті реформалар бойынша ұсынымдарды талқылау үшін үш Ұлттық Заң үстемдігі форумын өткізеді. Бұл іс-шаралар құрылымдық талқылаулар үшін азаматтық қоғам, үкімет, заң және академиялық қауымдастықтардың өкілдерін, сондай-ақ халықаралық серіктестерді біріктіреді.

Жоба ҚЗҮҰЖ мүшелерінің заңнаманы әзірлеу және қайта қарау бойынша үкіметтік және парламенттік бастамалардың жұмыс топтарына қатысуына қолдау көрсетеді. Бұл азаматтық қоғамның құқықтық нормаларды қалыптастыруға ықпал ету мүмкіндігін және олардың халықаралық міндеттемелерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

ҚЗҮҰЖ мүшелері адам құқықтарын қорғауға бағытталған стратегиялық сот процестеріне қатысады. Бұл істер халықтың осал топтарын қорғау және сот төрелігінің сапасын арттыру үшін прецеденттерді орнатуға көмектеседі.

Жоба бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық іс-шаралар арқылы заң үстемдігі мен қылмыстық сот төрелігі туралы хабардар ету науқанын қамтиды. ҚЗҮҰЖ мүшелері журналистермен өзара әрекеттесуге және реформалар үдерістері мен оларды жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның рөлін түсінуді арттыру үшін контент құруға оқытылады.

Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен “Құқықтық саясатты зерттеу орталығы” қоғамдық қоры (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (IPHR) іске асыратын бұл жоба 3 жылға жоспарланған. Жоба 2024 жылдың басынан 2026 жылдың басына дейін жүзеге асырылады және заң

үстемдігі мен Қазақстандағы қылмыстық сот жүргізу саласындағы мәселелерге байланысты азаматтық қоғамның потенциалын дамытуға бағытталған. Жобаның жалпы бюджеті 777,895 евро, соның ішінде Еуропалық Одақтың үлесі – 739,000 Евро.

Қосымша ақпарат алу үшін info@lprc.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.м

Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырды. Оның мазмұнына тек «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. Басылым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) жүзеге асыратын » Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы шеңберінде дайындалды.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз