Ел ішіндегі проблемаларды қозғап, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізетін ұйымдардың бірі – қоғамдық кеңес. 2015 жылдың 2 қарашасында Қоғамдық кеңестер туралы арнайы заң да қабылданды.
Осындай жауапты міндетті мойнына жүктеп алған қоғамдық кеңес өз жұмысын толық атқара алды ма?
«Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» қоғамдық қорының директоры Светлана Ушаковаең пікірінше, үлкен проблема – қоғамдық кеңес мүшелерінің құрылу жүйесі.
«Мән беріп қарасақ, мемлекеттік органдар жұмыс тобын құрады. Ары қарай сол топ кеңес мүшелерін іріктейді. Міне осыдан барып шикілік шығады. Мемлекеттік орган кеңес мүшелерін іріктеуге әсер еткен соң оған ойын ащы түрде, бүкпесіз жеткізе алатын азаматтардың енуі екіталай. Егер осы іріктеу айқын, ашық, қолжетімді, бәсекеге қабілетті, еркін болса, кеңес мүшелігіне әлдеқайда мықты азаматтар енер еді. Міне сонда барып олар органдарға жіберілген ұсыныстарының жүзеге асуына ықпал етер еді», – деп Светлана Ушакова заңды тұрғыдағы проблемалы тұстарын ашып көрсетті.
Мақала туралы толығырақ сілтемеден өтіп оқи аласыз: https://azattyq-ruhy.kz/society/31092-kogamdyk-kenes-oz-mindetin-tolyk-oryndai-alyp-zhur-me
Жарияланымды құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) «қоғамдық бастамаларға арналған демократиялық практикалардың бірлескен кеңістігі»жобасы шеңберінде дайындады.