Құрметті заңгерлер мен құқық қорғаушылар!
Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) командасы 2022 жылдың 3 ақпанында өтетін «Кемсітушіліктен қорғау істерінің ерекшеліктері. Ұлттық және халықаралық құралдар» тақырыбындағы семинарға шақыруды қуана хабарлайды.
Жоспарланған формат: Zoom платформасында онлайн. Семинардың ұзақтығы 2-3 сағатты құрайды.
Шарттары: Қатысу тегін. Воркшоп қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қатысушылар қандай білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болады?
– Кемсітуге қарсы халықаралық стандарттар не дейді?
– Кемсітуге жол бермеу туралы ұлттық заңнаманың ерекшеліктері;
– Кемсітудің әртүрлі түрлері мен нысандарын қалай тануға болады;
– Ұлттық деңгейде қорғау перспективасын бағалау;
– Халықаралық механизмдер шеңберінде стратегиялық қорғау.
Семинарға тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScurPOAUjR7PAjQtcig2MZhUrspBMXPH0vXYp-jI0BuyyncBQ/viewform?usp=pp_url
Семинарға арналған орындар саны шектеулі екенін ескеріңіз, сондықтан бұл сауалнаманы толтыру сіздің қатысуыңызға кепілдік бермейді. Бұл семинар Канаданың жергілікті бастамалар қоры (CFLI) қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» Қоғамдық қорымен жүзеге асырылатын «Қазақстандағы кемсітуге қарсы күн тәртібін журналистер, блогерлер, құқық қорғаушылар мен заңгерлер үшін ақпараттық-насихаттау науқаны және тренингі арқылы ілгерілету» жобасы аясында ұйымдастырылды FLI.