2024 жылғы 11 сәуірде Астанада Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасының ресми тұсаукесері өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, сондай-ақ заңгерлер, журналистер, зерттеу институттары және халықаралық ұйымдар қатысты.
«Заң үстемдігі – қоғам мен мемлекеттің жұмыс істеуінің маңызды шарты Заң үстемдігін сақтау адамдардың мемлекеттік институттарына сенуі және экономикалық дамуы үшін қажет. Соңғы жылдары Қазақстан осы салада реформалар жүргізді және ЕО заң үстемдігін одан әрі ілгерілетуді азаматтық қоғамды қолдағысы келеді», – деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур мырза өз сөзінде.
«Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан құқық пен сот төрелігін реформалау процестерін бақылауда азаматтық қоғамның рөлін қолдау және күшейту қажеттілігіне жауап береді. Жоба шеңберіндегі қызмет әйелдердің, жастардың және басқа да осал топтардың құқықтарын ескеретін адам құқықтарына бағдарланған реформаларды ілгерілету және оларды іс жүзінде тиімді енгізу мақсатында Үкіметтегі мүдделі тараптармен белсенді өзара іс-қимылға бағытталатын болады.
Жоба көптеген бастамалар, соның ішінде Құқық үстемдігі академиясын құру, ақпаратты үйлестіру мен алмасуды жақсарту үшін Құқық үстемдігі платформасын құру, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша құқық үстемдігі мен қылмыстық сот төрелігін мониторингілеу жөніндегі көмекші шаралар кіреді. Сонымен қатар, жоба құқық үстемдігі мәселелері бойынша жыл сайынғы Ұлттық форумдарды өткізуге жәрдемдесетін болады.
Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (ҚСЗО) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (АҚХӘ) іске асыратын бұл жоба 3 жылға жоспарланған. Жоба 2024 жылдың басынан 2026 жылдың басына дейін жүзеге асырылады және заң үстемдігі мен Қазақстандағы қылмыстық сот жүргізу саласындағы мәселелерге байланысты азаматтық қоғамның потенциалын дамытуға бағытталған. Жобаның жалпы бюджеті 777,895 евро, соның ішінде Еуропалық Одақтың үлесі – 739,000 Евро.
Қосымша ақпарат алу үшін +77017444429 телефоны немесе omiroshnichenko@hotmail.com электронды поштасы бойынша LPRC үйлестірушісі Ольга Мирошниченкоға хабарласыңыз.