Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Моңғолиядан 50 қатысушы, оның ішінде судьялар, прокурорлар, адвокаттар, азаматтық қоғам өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.
Іс-шарада Қырғызстанда Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік пен «Заңгерлер адам құқықтары» ҚҚ жүзеге асырып жатқан «Қырғызстанда сот төрелігі секторын реформалауға жәрдемдесу үшін азаматтық қоғамның мониторингі, үйлестіру және әрекет етудің ұлттық механизмін құру және енгізу» серіктестік жобасы аясында әзірленген Қылмыстық сот төрелігі мониторингінің әдістемесі таныстырылды. Бұл әдістеме пилоттық бағдарламаның бір бөлігі ретінде 2024 жылы Қырғызстанда сынақтан өтті.
Мониторинг жөніндегі ұлттық азаматтық қоғам желісінің өкілі Акийкат Кареги Қырғызстандағы қылмыстық саясат, сотқа дейінгі өндіріс, кәмелетке толмағандардың құқықтары және қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша жүргізілген мониторингтің алғашқы нәтижелерін ұсынды. Іс-шара әртүрлі сала мамандарымеен және әріптестермен тәжірибе алмасуға және аймақ елдерінде әдістемені қолдану перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.