«Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы заңнаманы сот тәжірибесінде қолдану мәселелері жөніндегі» нормативтік қаулысының жобасына сараптамалық ұсыныстар дайындады.
Сараптамалық қорытындының толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Сараптама талдамалық және ұсынымдық сипатқа ие. Ұсынылған материалдарда нормативтік қаулы жобасының жекелеген ережелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сөз бостандығы саласындағы халықаралық міндеттемелерге сәйкестігі, сондай-ақ олардың сот практикасына ықтимал әсері тұрғысынан талданады.
Сараптамада келесі мәселелерге ерекше назар аударылған:
- ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау мен цифрлық контентті реттеу аясын ажырату;
- жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау мен сөз бостандығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету;
- құқықтық айқындық пен сот практикасының болжамдылығы;
- дәлелдеу және сараптама тағайындаудың процестік аспектілері;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің құқықтық кепілдіктері.
Сараптамалық ұсыныстар ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау жөніндегі істер бойынша бірізді, теңгерімді және болжамды сот практикасын қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған.


