Семинар мәселелері: 1) кемсітушіліктің түрлерін қалай тануға болады; 2) кемсітушілік бойынша істерді дайындау кезінде Қазақстанмен ратификациялаған конвенцияларды қалай пайдалануға болады; 3) зардап шеккендерді қорғауда бар құралдарды қалай пайдалануға болады және т.б.

Семинарға тіркелу

Ескертеміз, семинарға арналған орындар саны шектеулі, сондықтан бұл сауалнаманың өтілуі сіздің қатысуыңызға кепілдік бермейді.

Жоспарланған формат: Zoom платформасында онлайн. Семинардың ұзақтығы – 3 сағат.

Семинардың өткізілу күні: 2023 жылы 8 сәуірде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.

Спикерлер:

Евгений Жовтис, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры

Татьяна Чернобиль, адам құқықтары жөніндегі сарапшы

Аяжан Ойрат, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ өңірлік директоры, халықаралық заңгер

Шарттары: Қатысу тегін. Семинар орыс тілінде жүргізіледі. Қатысушыларға біліктілікті арттыруға есептелетін семинар өткендігі туралы онлайн сертификаттар (3 астрономиялық сағат) беріледі.

Ұйымдастырушылар: «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC), Астана қаласының Адвокаттар алқасы және Алматы қалалық адвокаттар алқасы. «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ Астана қаласының адвокаттар алқасымен (25.01.2023) және Алматы қалалық адвокаттар алқасымен (01.03.2023) заңгерлердің біліктілігін арттыруға аккредиттелген.

Қолдаушылар: Бұл семинар Canada Fund for Local Initiatives (CFLI) қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» Қоғамдық қорымен «Қазақстандағы кемсітуге қарсы күн тәртібін журналистер, блогерлер, құқық қорғаушылар мен заңгерлер үшін ақпараттық-насихаттау науқаны және тренингі арқылы ілгерілету» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Соңғы мақалалар

2023 жылғы 8 сәуірде «Кемсітушілікке байланысты істер бойынша қорғау ерекшеліктері. Ұлттық және халықаралық құралдар» тақырыбында практик адвокаттар мен құқық қорғаушыларға арналған воркшоп онлайн форматта өтті.
Құрметті заңгерлер! 2023 жылы 8 сәуірде «Кемсітушіліктен қорғау істерінің ерекшеліктері. Ұлттық және халықаралық құралдар» тақырыбында онлайн семинар өткізіледі.
Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) командасы 2022 жылдың 3 ақпанында өтетін «Кемсітушіліктен қорғау істерінің ерекшеліктері. Ұлттық және халықаралық құралдар» тақырыбындағы семинарға шақыруды қуана хабарлайды.
Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) командасы «Кемсітушілікке қатысты ақпаратты дайындау және тарату барысында ескерілетін мәселелер» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған воркшоп өткізді.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз