2024 жылғы 21 қарашада Астанада Орталық Азия елдері үшін қылмыстық сот төрелігі жөніндегі тоғызыншы форум алаңында ЕҚЫҰ аймағындағы қылмыстық сот төрелігінің мониторингі мәселелері бойынша қосымша іс-шара өтті. Іс-шараны Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік пен ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Моңғолиядан 50 қатысушы, оның ішінде судьялар, прокурорлар, адвокаттар, азаматтық қоғам өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Іс-шарада Қырғызстанда Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік пен «Заңгерлер адам құқықтары» ҚҚ жүзеге асырып жатқан «Қырғызстанда сот төрелігі секторын реформалауға жәрдемдесу үшін азаматтық қоғамның мониторингі, үйлестіру және әрекет етудің ұлттық механизмін құру және енгізу» серіктестік жобасы аясында әзірленген Қылмыстық сот төрелігі мониторингінің әдістемесі таныстырылды. Бұл әдістеме пилоттық бағдарламаның бір бөлігі ретінде 2024 жылы Қырғызстанда сынақтан өтті.

Мониторинг жөніндегі ұлттық азаматтық қоғам желісінің өкілі Акийкат Кареги Қырғызстандағы қылмыстық саясат, сотқа дейінгі өндіріс, кәмелетке толмағандардың құқықтары және қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша жүргізілген мониторингтің алғашқы нәтижелерін ұсынды. Іс-шара әртүрлі сала мамандарымеен және әріптестермен тәжірибе алмасуға және аймақ елдерінде әдістемені қолдану перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар 2025 жылы Қазақстанда осы әдістемені қолданатын қылмыстық сот төрелігі мониторингі Еуропалық Одақтың қаржыландыратын «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (ҚСЗО) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (АҚХӘ) іске асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» атты жоба шеңберінде ұйымдастырылатынын хабарлады. Жоба 2024 жылдың басынан 2026 жылдың басына дейін 3 жыл бойы жүзеге асырылады және заң үстемдігі мен Қазақстандағы қылмыстық сот жүргізу саласындағы мәселелерге байланысты азаматтық қоғамның әлеуетән дамытуға бағытталған.

Ресми баспасөз релизінің мәтінімен осы сілтеме бойынша танысуға болады

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз