2020 жылы 13 қараша күні өткен «Қазақстандағы жыныстық бопсалау үшін жауапкершілік: әйелдер неге үндемейді» онлайн конференциясында ұлттық және халықаралық сарапшылар Қазақстандағы жыныстық бопсалауға байланысты мәселелерді талқылады.
Жыныстық алымсақтық – зорлық-зомбылыққа алғашқы қадам. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанда ол үшін қылмыстық және / немесе әкімшілік жауапкершіліктің болмауына байланысты, зардап шегушілердің қорғану үшін құқық қорғау және сот органдарына жүгінуге және бопсалаушыны жауапкершілікке тартуға мүмкіндіктері жоқ. Демек, Қазақстанда жыныстық бопсалау туралы мемлекеттік-құқықтық статистиканың болмауы осыған байланысты.
Адвокат Құндыз Утебекованың айтуынша, жыныстық бопсалаудың санаулы құрбандары сотта өз құқықтарын қорғауға дайын. Құндыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және ҚР Қылмыстық кодексіне қылмыстық теріс қылық түрінде бап енгізуді ұсынды. Қылмыстық құқық бұзушылықтар соттылық туралы анықтамада көрсетілмегендіктен, болашақта жыныстық қудалау үшін тартылғандарға белгілі бір қызмет түрлерімен (мысалы, оқытушылық) айналысуға тыйым салу үшін қосымша шаралар енгізу қажет.
«ҚР ІІМ ресми статистикасы бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің «Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету» бабы, практикада өте сирек қолданылады.1998-2018 жылдар аралығында, 20 жыл ішінде, барлығы 87 іс тіркелді», — деп адам құқықтары жөніндегі заңгер Халида Ажигулова атап өтті.
Конференцияға қатысушы адвокат Жангельды Сулейманов та жыныстық бопсалау үшін жауапкершілікті енгізуді ұсынды. «Алдымен дефеницияны анықтау керек. Аудармасыз харассмент сөзін қолданған дұрыс, өйткені «жыныстық бопсалау» тіркесі барлық мағынаны бұрмалайды. Сондай-ақ өркениетті ел үшін Қазақстанға әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропа кеңесінің конвенциясын ратификациялау қажет. Шетелдік юрисдикцияларда қазақстандық заң жобасына қарағанда сәл өзгеше анықтама берілген», – деп Жангельды Сулейманов ұсынды.
Белсенділердің айтуынша, адамдарды жыныстық бопсалаудан қорғайтын қылмыстық бап Қазақстанда шын мәнінде қажет. Мемлекет өз азаматтарын жыныстық бопсалаудан қорғау жүйесімен қамтамасыз етуге міндетті. Белсенділер жыныстық бопсалауға заңды түрде тыйым салуды талап ететін петиция құрды.
Конференцияда Қазақстанда бопсалау үшін жауапкершілікті енгізуді қолдау жөнінде сөз сөйлегендер:
– Алмат Мухамеджанов, «НеМолчи» қорының директоры;
– Наргис Азизова, БҰҰ-ның Түркиядағы аймақтық әйелдер кеңсесінің өкілі;
– Айгерим Шадеева, феминист, блогер;
– Лейла Махмудова, феминистік «ФемАгора» қорының өкілі;
– Дастан Аккожа, CABAR Asia тілшісі;
– Бауыржан Азанов, адвокат;
– Асселина Сайлаубекова, блогер, экоактивист;
– Қундыз Утебекова, адвокат;
– Халида Ажигулова, халықаралық заңгер, Phd докторы;
– Молдияр Ергебеков, феминист, SDU оқытушысы;
– Жанар Темирбекова, AlmaU Президентінің кеңесшісі;
– Мадина Джунусова, Орталық Азия университетінің IPPA ғылыми қызметкері;
– Екатерина Тягай, РФ Дарья Варакинаның адвокаты.
Конференцияның орыс тіліндегі жазбасын көргіңіз келсе Youtube сілтемесімен өтіңіз.
Жоба туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтеме бойынша өтіңіз.