+7 727 356 03 86 | +7 705 925 50 06
RU
Жоба
Звёзд: 1Звёзд: 2Звёзд: 3Звёзд: 4Звёзд: 5 0,00
Loading...

Заңнамалық реформалар, бизнесті жауапты жүргізу және Қазақстанда халықты хабардар ету арқылы жұмыс орнындағы және қоғамдық орындардағы жыныстық бопсалауға қарсы күрес

Іске асыру мерзімі: 01/10/2020 – 28/02/2022 (17 ай)

Донор: Канада сыртқы істер, сауда және даму департаменті (DFATD) Canada Fund for Local Initiatives қаржыландыруы арқылы.

Жобаның негізгі іс-шаралары онлайн форматта өтеді және Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Бұл жобаның мақсаты-жұмыс орындары мен қоғамдық орындарда жыныстық бопсалауға заң жүзінде тыйым салу, оны алдын алу және оған ден қою туралы жұртшылықтың хабарын арттыру.

Бұл жоба шеңберінде шешілетін негізгі мәселелер:

  1. Зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстар мен кемсітушіліктің басқа түрлерімен тиімді күресуге бағытталған заңнамалық актілердің болмауы. Негізгі мәселе – Қазақстанда жұмыс орындарында немесе қоғамдық орындарда жыныстық бопсалауға (қудалау) тыйым салатын ішкі заңнаманың болмауы;
  2. Құқық қорғау және сот органдарында қысым көрсеткені үшін жауапқа тартудың практикасы дамымаған;
  3. Әйелдерді құрбандылыққа итермелейтін қоғамдағы стигматизациялау мен объективациялау. Өкінішке орай, Қазақстанның патриархалды қоғамында адамдар жыныстық бопсалаудың зардап шеккен адам өміріне және жалпы қоғамға теріс әсерін жете бағаламайды. Жыныстық бопсалау – бұл негізінен әйелдер мен қыз балаларға бағытталған кемсітушілік тәжірибе;
  4. Қазақстанның іскерлік секторында гендерлік теңдіктің, кемсітпеудің және қысым көрсетулерге қарсы күрестің корпоративтік мәдениетінің болмауы.

Жоба бойынша жоспарланған қадамдар:

1 іс-әрекет: Жыныстық бопсалауға тыйым салу жөніндегі халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес заңнамаға түзетулер ұсыну.

-Қазақстанда жыныстық бопсалау мәселесі бойынша 50 қатысушыға арналған онлайн-конференция ұйымдастыру;

– Ұлттық заңнамаға түзетулер мен ұсыныстар дайындау;

– Мемлекеттік органдармен ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу;

– Жыныстық бопсалауға қарсы күрес туралы заң жобасын талқылау үшін бір жария онлайн-пікірталас ұйымдастыру.

2 іс-әрекет: Қоғамдағы жыныстық бопсалау мен қудалауға төзбеушілікті қалыптастыру бойынша бір онлайн-қоғамдық петиция.

– БАҚ пен әлеуметтік желілерде жыныстық бопсалауға қарсы күреске қатысты заңнама туралы қазақ және орыс тілдерінде 10 аналитикалық мақала мен 2 лонгрид шығару;

– Медиа-науқанға арналған 2 оқу бейнеклиптерін түсіру.

3 іс-әрекет: Кемсіту, жыныстық бопсалау мен іскерлік ортадағы лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануды болдырмау мақсатында корпоративтік саясатты әзірлеу және жүргізу.

– Кемсітпеу, жыныстық бопсалау мен іскерлік ортадағы лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға қарсы күрес саласында корпоративтік саясатты әзірлеу;

– Қазақстанның 10 компаниясы мен 5 университетінің өкілдерімен онлайн/оффлайн кездесулер арқылы саясаттың іске асуын ілгерілету.

Ұзақ мерзімді нәтижелер ретінде:

1) Жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалауға заңмен тыйым салынады;

2) Корпоративтік сектор мен мемлекеттік органдар тарапынан нәпсілік дәмелену жағдайларына қарсы әрекет саны 10% – ға артады;

3) Жұмыс берушілер (10 компания және 5 университет) жұмыс орнындағы жыныстық бопсалау әрекеттерін алдын алу және оған жауап беру жөніндегі жоба аясында жасалған ішкі саясатты қабылдап жүзеге асырады;;

4) Қоғамда қысымның кез келген нысандарына адам құқықтарын бұзушылықтардың бірі ретінде төзбеушілік пен әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бойынша сындарлы диалог қалыптасатын болады.

Бөлісу