Қыркүйектің 23 күні “Қазақстандағы жыныстық бопса проблемаларының қоғамдағы орны мен сараптамалық бағалау” тақырыбында журналистермен онлайн-кездесу өтті. Жиында сотта жыныстық бопсаны дәлелдеу мәселесі көтеріліп, Қазақстандағы харассмент жағдайларына шолу жасалды.

Жиынға Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Жанна Уразбахова, халықаралық заңгер Аяжан Ойрат, UyatEmes.kz жобасының негізін қалаушы Қарлығаш Қабатова қатысып, жыныстық бопсаның Қазақстандағы негізгі проблемалары туралы айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанда жыныстық бопсаға қарсы іс-қимыл жасау үшін заңнамалық реформалар қажет екені айтылып, бұл үшін басқа елдегі үздік тәжірибелерден мысал келтірілді. Оның үстіне сексуал харассментті болдырмау үшін балаларды жыныстық ағарту маңызды дейді сарапшылар.

Аяжан Ойрат қоғамдық орында жыныстық бопса жиі болатынын айтып, Орталық Азиядағы 81% әйел таксиде харассмент көргені туралы статистика келтірді. Ал жұмыс орындағы жыныстық бопса мүлде бақыланбайды дейді. Мұндайда жәбірленуші түрлі себептермен полицияға шағымдана алмаса, құқық қорғаушы органдар іс қозғауға өздері түрткі болатындай істеу қажеттігі бар екенін атап өтті.

Қарлығаш Қабатова сексуал харассментпен күресте жыныстық ағартудың маңыздылығын түсіндіріп, көп адам бұл туралы қате ойлайтынын атап өтті. Шындығында, жыныстық ағартуға мына тақырып жөніндегі толыққанды әрі нақты ақпарат кіреді:

дұрыс және бұрыс қарым-қатынас;

жеке шекара мен қауіпсіздік;

гендерлік теңдік;

адамның дамуы мен сексуал-репродуктив денсаулықты күту;

жауапкершілікті түсінетін ата-ана.

Бұл мақала FactCheck.KZ интернет-ресурсында жарияланған.

Жарияланымды CFLI (Canada Fund for Local Initiatives) қолдаған «заңнамалық реформалар, бизнесті жауапты жүргізу және Қазақстанда хабардарлықты арттыру арқылы жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалауға қарсы күрес» жобасы шеңберінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) дайындады.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз