2019 жылдың соңында мемлекет басшысы Қазақстанда алдағы уақытта жала жабуды қылмыссыздандыру туралы жариялады. Жала жабу үшін қылмыстық жауапкершіліктің болуы және одан басқа, оны іс жүзінде қолдану кез-келген мемлекеттегі сөз бостандығын бағалаудың өзіндік белгісі болып табылады. 2015 жылдан бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың күш-жігеріне қарамастан, жала жабу үшін қылмыстық жауапкершілік Қылмыстық кодексте қалды. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды.

Диффамацияны криминализациялаудың тағы бір проблемасы – бұл қылмыс пен қылмыстық жауапкершілік «қағаз жүзінде» ғана емес, сонымен бірге, мониторинг көрсеткендей, диффамация және қорлау бойынша істер белсенді түрде қозғалып, тергеліп, сотқа тартылды. Бұл проблеманың тез арада шешілуін қажет ететін фактор болып табылады.

Өкінішке орай, Қазақстанның бұл мәселені реттеу бойынша саясаты біркелкі емес. Бір жағынан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауды құптайды, ал Парламент парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізген, оған қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде диффамация үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Сыбайлас жемқорлықтың, трайбализмнің және қылмыстық қастандықтың кесерінен жала жабу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде журналистер мен белсенділердің қызметін шектейді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық фактісін дәлелдеу қиындай түседі.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы Қазақстанда жала жабуды қылмыссыздандыру туралы мәселені жан-жақты қарастырды, халықаралық құқықтағы жала жабу туралы дауларды және Қазақстанда жала жабуды қылмыстық жауапкершілікке тартудың алғышарттарын қарастырды. Біз құқықтық статистика мен сот практикасын, міндеттемелер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды, журналистикаға қатерді және айыптаулардың деңгейін, инфлюенсерлер мен блогерлерді, сондай-ақ мемлекеттік сектордың тұтастығын зерттедік. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабын қылмыссыздарндыру және оны, мемлекет басшысы 2019 жылдың соңында қабылдаған, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ауыстыру туралы шешім бір жағынан конвенциялық органдарының ұсынымдарын орындау сияқты ескі проблемаларды шешеді, бірақ екінші жағынан жаңа сұрақтар туғызады. Біз өз тарапымыздан біз Қазақстанда жала жабуды қылмыссыздандыру бойынша ұсыныстар жасадық. Толық зерттемені сілтеме бойынша қарай аласыздар

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз