Жобаның атауы: «Жарық сәулесі» бастамасының Орталық Азияға арналған «Өзгерістерге арналған альянстар: Орталық Азиядағы жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық пен зиянды тәжірибелерді тоқтату» атты аймақтық бағдарламасы 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023 жылдың қазан-желтоқсаны.

Грант сомасы: 15 000 (Он бес мың) АҚШ доллары.

Грант беруші: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (UNPD)

Жобаның негізгі мақсаты. Харассмент құрбандарына жоғары сапалы заңгерлік көмек көрсету, мұқтаж жандарға заңгерлік көмек көрсету, әйелдер мен қыздарға қатысты харассмент және қудалаумен байланысты істерді қамту, сондай-ақ мәселені құқық қорғау органдарына жеткізу үшін Қазақстанда адвокаттар пулын дайындау.

Бірінші іс-шара. Адам құқықтарын қорғау саласындағы қазақстандық сарапшылардың қатысуымен 25 адвокатқа, ҮЕҰ өкілдеріне және Қазақстанның заңгерлеріне арналған оқыту тренингтерін (онлайн) өткізу. LPRC сарапшылары келесі тақырыптар бойынша оқыту тренингтерін өткізеді: Харассмент, жыныстық бопсалау және әйелдерге қатысты кемсітушілік дегеніміз не? Сарапшылар халықаралық құқық пен Қазақстандық заңнамаға шолу жасайды, тақырыпты зерттеу үшін тиісті кейстерді көрсетеді.

Екінші іс-шара. Қазақстан мен Орталық Азияда әйелдерге қатысты харассмент пен кемсітушілікке қарсы күрес және гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің озық тәжірибесін тарату үшін сарапшылардың, ҮЕҰ өкілдерінің, заңгерлер мен адвокаттардың бейресми желісін құру. Сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Орталық Азиядағы заңгерлер мен адвокаттар қысым мен кемсітушіліктен зардап шеккен әйелдерге заңгерлік көмек көрсету үшін заңгерлер мен сарапшылар пулына шақырылады. Осы мақсатта жедел әрекет ету және ақпарат алмасу үшін Whatsapp тобы ұйымдастырылады.

Үшінші іс-шара. Қазақстанда харассмент пен кемсітушіліктен зардап шеккен әйелдердің құқықтарын стратегиялық қорғау. Жоба аясында оқудан өткен заңгерлер мен адвокаттар Қазақстанның әртүрлі аймақтарында харассмпент пен кемсітушіліктен зардап шеккен әйелдерге құқықтық көмек көрсетеді. LPRC консультацияларға қатысатын істер мен сарапшыларды таңдайды және бұл жағдайларды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы көрсетеді.

Төртінші іс-шара. Кемсіту факлілерін дәлелдеу мәселелерін талқылау үшін конференция ұйымдастыру. Қазақстандағы әйелдерге қатысты харассмент пен кемсіту жағдайларына дәлелдеме жинау, және осы мәселелерге байланысты статистика жүргізу, елдер арасындағы ынтымақтастық және агрессорлардың профилін анықтау. Конференцияға Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар, прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Бесінші іс-шара. Қазақстанда әйелдерге қатысты харассмент, сталкинг және кемсітуге тыйым салуды насихаттау. БАҚ, әлеуметтік желілер және LPRC веб-сайты арқылы аналитикалық және ақпараттық мақалалар арқылы белсенді адвокация шараларын жүргізеді.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз