28 қарашада «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕМСІТУШІЛІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ЖОЮ» Ұлттық конференциясы өтті. Конференция барысында мемлекеттік және қоғамдық секторлардың өкілдері Қазақстандағы кемсітушіліктен қорғау мен теңдіктіқамтамасыз ету және әйелдерді кемсітушіліктен, харассменттен және жыныстық бопсалаудан қорғау мәселелерін талқылады. Конференцияның бағдарламасын сілтеме арқылы жүктеп алуға болады
Конференция Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) және UNDP-ның «Жарық сәулесі» бастамасының Орталық Азияға арналған «Өзгерістерге арналған альянстар: Орталық Азиядағы жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық пен зиянды тәжірибелерді тоқтату» атты аймақтық бағдарламасының қолдауымен өтті.
Iс-шараның ашылуында UNDP «Жарық сәулесі» бастамасының бағдарламалық қызметкері Наталья Максимчук: «Жарық сәулесі» бастамасы адам құқықтарын құрметтейтін және гендерлік алшақтықтарды жою мен қауымдастықтар мен елдердің инклюзия, қауіпсіздік, теңдік және экономикалық әл-ауқатқа қарай өсу әлеуеті арасындағы байланысты мойындайтын кешенді тәсілді ұсынады. Көбінесе бұл мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам ұйымдарымен және сарапшылар қауымдастығымен тығыз өзара іс-қимылдың арқасында мүмкін болып отыр» – деп атап өтті.
Конференция барысында Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис пен Құқықтық саясатты зерттеу орталығының аға заң кеңесшісі Дмитрий Нурумов «Теңдікті қамтамасыз ету және кемсітушіліктен қорғау жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасының тұжырымдамасы мен заң жобасымен таныстырды. Евгений Жовтис азаматтық қоғам сарапшылары мамандандырылған кеңес туралы заң жобасын ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы кемсітушілік тәжірибесін жоюдың тұжырымдамалық аппаратын, институционалдық және процессуалдық қолдауын қамтитын кемсітуге қарсы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу туралы ілеспе заң жобаларын әзірлегенін хабарлады.
«Қазақстандағы әйелдерге қатысты кемсітушілік тәжірибе мен әртүрлі зерттеулермен расталғанымен, бізде кемсітушіліктің толық анықтамасы да, кемсітуге нақты тыйымдар да жоқ. Сондықтан, кемсітушілік құрбандарын сот төрелігіне және қорғауға қол жеткізе алмайды», – деп адам құқықтары саласындағы тәуелсіз кеңесші Татьяна Чернобиль өз сөзінде атап өтті.
Заң ғылымдарының докторы, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Қуат Рахымбердин харассментке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанға Халықаралық еңбек ұйымының еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы №190 конвенциясына дереу қосылу маңызды деп санайды.
Бұл ұсынысты бірқатар отандық сарапшылар қолдады.
Сонымен қатар, харассмент пен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті енгізу қажеттігі туралы, жұмыс берушілерге арналған жұмыс орнындағы харассменттің алдын алу, харассмент инциденттеріне зерттеу жасау, дәлелдер ұсыну тәртібі және агрессорлерге қатысты қандай шаралар қолдана алу бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығын қабылдау бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, әйелдерге қатысты харассмент, жыныстық бопсалау, сталкинг және кемсітумен байланысты қылмыстарды саралауды қамтитын Жоғарғы Соттың қаулысын қабылдау ұсынылды.
Құқықтық саясатты зерттеу орталығының аймақтық директоры Аяжан Ойраттың ойынша қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, судьяларды, сондай-ақ заңгерлерді құқық бұзушылықтарды тергеу, дәлелдеу және саралау бойынша оқытуға үлкен қажеттілік бар.
PhD докторы, оқытушы профессор, медициналық құқық саласындағы сарапшы Алия Даутбай медициналық қызмет көрсету кезінде әйелдерді кемсіту мәселелерін көтерді. Ол мүмкіндігі шектеулі әйелдерге түсік жасатуға қысым жасау жағдайларына кеңінен тоқталды. Сарапшы мұндай әйелдер медициналық қызметкерлер тарапынан стигматизацияға және харассментке ұшырайтынын атап өтті. Әсіресе, әйелдерді балағаттап, кемсітетін сөздер айтып, баласынан айырамыз деп қорқытады.
Конференцияға қатысушылары кемсітушілікке жол бермеу мәселелері бойынша тұжырымдамалық аппаратты әзірлеу және Қазақстанда кемсітушілік тәжірибесін жою үшін тиімді реттеуші орта құру қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдады.Конференцияны Адам құқықтары және заң үстемдігі жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро (KIBHR) және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) ұйымдастырды.
Конференция Youtube (орыс тілінде) және Facebook (қазақ тілінде) арқылы көрсетілді.