Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) және Англия мен Уэльс адвокаттарының адам құқықтары жөніндегі комитеті (BHRC) Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен «Адам құқықтарының халықаралық құқығы және Қазақстандағы заңгерлер үшін үздік тәжірибе: COVID-19 сын-қатерлеріне жауап ретінде халықаралық құқықтық стандарттарды қалай пайдалану және халықаралық пен өңірлік негіздемелік механизмдерді тиімді қолдану» жобасы шеңберінде Қазақстанның адвокаттарына арналған тренингтер ұйымдастырды.

            Алғашқы тренинг «Пандемия кезінде адам құқығынан бас тарту. Әділ сот ісін жүргізу құқығы / COVID-19 аясында әділ сот стандарттарын қолдану. Іс жүзінде не өзгерді?» 2021 жылдың 9 ақпанында өткізілді.

Британдық спикерлер адам құқықтары, азаматтық бостандықтар және теңдік саласында мамандандырылған қоғамдық құқық жөніндегі сарапшы Гронья Меллон және Британ империясы орденінің офицері Джонатан Купер, ағылшын және халықаралық соттар мен трибуналдарда тәжірибесі бар адам құқықтары жөніндегі маман, оқыту бағдарламаларының жүргізушісі және бүкіл әлем бойынша адам құқықтары жөніндегі кеңесші болды.

Кіріспе бөлігінде Гронья Меллон адам құқықтарынан ауытқу ұғымын берді, оның шегінуіне жол берілетін құқықтардың мысалын, адам құқықтары саласындағы стандарттардан ауытқудың негізгі принциптерін келтірді. Шегінудің заңдылығын тексерудегі соттардың рөлі атап өтілді.

Сарапшы әділ сот талқылауы құқығына кепілдік беретін халықаралық шарттарға талдау жасады. Әділ сот талқылауының негізгі элементтері анықталды.

Әрі қарай спикер Джонатан Купер қылмыстық айыптаудың мәні, бейтарап сот деген не және сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімдері сияқты сұрақтарға жауап берді. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотта қаралған нақты істер келтірілді. Сарапшы әділ сот құқығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Тренингтің бірінші бөлігінің бейнежазбасын мына жерден көруге болады:

Тренингтің бірінші бөлімі бойынша презентация келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://lprc.kz/wp-content/uploads/2021/03/1-pravo-na-spravedlivyj-sud-9-fevralya-trening-.pdf 

Тренингті екінші бөлімде Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, адам құқықтарын қорғау саласында маманданған құқық қорғаушы Инара Масанова жалғастырды.

Инара пандемия кезіндегі соттардың жұмысы, Алматы қаласында карантиндік шаралар мен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шағымдарды қабылдаудан және қараудан бас тарту, сондай-ақ сот талқылауларын онлайн форматқа ауыстыру туралы айтты. Спикер сондай-ақ онлайн форматтағы бұзушылықтарды барынша азайту үшін адвокаттың қандай құралдары бар екенін атап өтті, мысалы, сот органдарына процесті барлық тілек білдірушілер қосыла алатын қосымша арқылы жүргізу талабы.   

Сарапшы қазіргі адвокаттың істерді онлайн режимінде қараудағы бақылауымен бөлісті. Спикердің жеке сот тәжірибесінен алынған жағдайлар түрінде растала отырып, сот істерін онлайн режимде қараудың артықшылықтары да, кемшіліктері де айтылды. 

Қорытындылай келе, Инара онлайн-процестерде жасырын мінез-құлық ережелері түрінде бірқатар кеңестер берді, оның ішінде онлайн конференцияға кірген кезде аты-жөні мен процессуалдық мәртебесін көрсету, ZOOM бағдарламасында микрофон мен дыбысты өшіру және т. б.

Тренингтің екінші бөлігінің бейнежазбасын мына жерден көруге болады:

Тренингтің екінші бөлімі бойынша презентация келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://lprc.kz/wp-content/uploads/2021/03/trening-9-fevralya-spiker-i.masanova.pptx 

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз