28-29 тамыз және 12 қыркүйек аралығында біз «Мигранттарды, босқындарды және пана іздеушілерді қорғаудың халықаралық құқық қорғау механизмдері» тақырыбында ауқымды семинар өткіздік. Семинар Қазақстандағы мигранттар үшін білікті құқықтық көмек көрсетуге маманданған білікті заңгерлердің пулын қалыптастыру жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Егер сіз іс-шараға қатыса алмаған болсаңыз, семинардың дәрістері мен презентацияларын сілтемелер арқылы өтіп, көре аласыз.

  1. «Келісімшарт органдары аясында хабарламалармен жұмыс – cәйкестік талаптары» презентациясы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі (OHCHR). Презентацияны тек орыс тілінде қарауға болады.
  2. «Ұлттық соттар және қорғанудың ішкі құралдарын тамамдау» презентациясы. Аманда Тейлор, Халықаралық миграция құқығы бойынша сарапшы. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады. Дәріс жазбасын орыс тілінде сілтеме бойынша тыңдауға болады.
  3. «Ұлттық соттардың халықаралық құқықтағы рөлі: қорғанудың ішкі құралдарын тамамдау және Біріккен Ұлттар Ұйымының шарт органдарының (ҰБТБ) шешімінің орындалуы» презентациясы. Джема Фернандес Родригес де Льевана, Women’s Link Worldwide. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады.
  4.  «Ресейдегі БҰҰ адам құқықтары жөніндегі органдарының шешімдерін жүзеге асыру» презентациясы. Дмитрий Бартенев, адвокат, Санкт- Петербург университетінің доценті. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады.
  5. «БҰҰ комитеттеріне жеке шағымдар: Қазақстанның құқықтық негіздері және тәжірибесі» презентациясы. Халида Ажигулова, заң ғылымдарының докторы (PhD), Босқындар және көші-қон құқығы бойынша судьялар халықаралық ассоциациясының мүшесі. Презентацияны тек орыс тілінде қарауға болады.
  6. «БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жарғылық органдары» презентациясы. Франсуа Крепо, МакГилл университеті. Презентацияны тек орыс тілінде қарауға болады. Дәріс жазбасын орыс тілінде сілтеме бойынша тыңдауға болады.
  7. «Мигранттарды, босқындарды және баспана іздеушілерді қорғаудың халықаралық адам құқықтары механизмдері» онлайн-семинарына арналған Casebook, 28-29 тамыз 2020 ж. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады.
  8. «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, әйелдер мен балалардың құқықтары жөніндегі істердің ерекшеліктері: мысалдар» презентациясы. Александрос Константину, Босқындар жөніндегі грек кеңесі. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады. Дәріс жазбасын орыс тілінде сілтеме бойынша тыңдауға болады.
  9. «Халықаралық құқықтағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар: Шетелдік азаматтардың ЭӘМ құқықтары» презентациясы. Тимоти Ходжсон, Халықаралық заңгерлер комиссиясының экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі заң кеңесшісі. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады. Дәріс жазбасын орыс тілінде  сілтеме  бойынша тыңдауға болады.
  10. «Адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық мен Қазақстандағы мигранттарды, босқындарды және баспана іздеушілерді құқықтық қорғаумен байланысты тетіктерге шолу» презентациясы. Массимо Дж. Фриго, Халықаралық заңгерлер комиссиясы. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады. Дәріс жазбасын орыс тілінде сілтеме бойынша тыңдауға болады.
  11. «Адам құқықтары саласындағы БҰҰ-ның арнайы процедураларын қолдануына тұтас стратегия» презентациясы. Массимо Дж. Фриго, Халықаралық заңгерлер комиссиясы. Презентацияны тек орыс/ағылшын тілдерінде қарауға болады. Дәріс жазбасын орыс тілінде сілтеме бойынша тыңдауға болады.
  12. “Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық пен мигранттар құқықтарының байланысы” презентациясы. Альваро Ботеро, БҰҰ еңбек мигранттары жөніндегі комитетінің мүшесі. Дәріс жазбасын орыс тілінде сілтеме бойынша тыңдауға болады.

Тренингтерді Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) Халықаралық заңгерлер комиссиясымен (МКЮ) Халықаралық заңгерлер комиссиясы – Еуропалық институттар (МКЮ-ЕИ) атты ұйымдармен бірлесіп, «Қазақстанда мигранттардың құқықтарын құқықтық қорғауды күшейту” жобасы шеңберінде Еуропалық Одақ өкілдігінің қаржылық қолдауымен өткізілетінін еске саламыз.

Іздеуді жабу үшін ESC түймесін басыңыз

Тілді таңдаңыз