Өзбекстандағы цифрлық құқықтар жөніндегі медиабастама
Жоба сипаттамасы

Жетекші ұйым және үйлестіруші: Өзбекстан Республикасының Заманауи журналистиканы дамыту орталығы (MJDC)
Бірлесіп іске асырушы серіктес: «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (LPRC)
Қауымдасқан серіктес: «ISTIQBOLLI AVLOD» республикалық әлеуметтік-ақпараттық орталығы, Өзбекстан
Қаржыландыру: Еуропалық Одақ.

Жоба медиа, оқыту және кәсіби қауымдастықтардың ынтымақтастығы арқылы Өзбекстанда цифрлық құқықтарды ілгерілетуге және қорғауға бағытталған. Ол журналистерге, азаматтық қоғам ұйымдарына және заңгерлерге интернетте пікір білдіру еркіндігін, ақпаратқа қол жеткізу құқығын, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын және дербес деректерді қорғауға, сондай-ақ пайдаланушылардың цифрлық қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.
LPRC жобаға бірлесіп іске асырушы серіктес ретінде қатысып, жоба іс-шараларына сараптамалық қолдау көрсетеді. Орталық халықаралық мамандарды тартуға, оқу материалдарын әзірлеуге және Орталық Азия елдері арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді, сондай-ақ ақпараттық жұмысқа және цифрлық құқықтарды қорғау жөніндегі ұсынымдарды ілгерілетуге қатысады.
Міндеттері
1) Медиа, азаматтық қоғам және кәсіби топтар өкілдерінің цифрлық құқықтарды ілгерілету, қорғау және олардың бұзылуына ден қою үшін қажетті білімі мен практикалық дағдыларын нығайту.
2) Ақпараттық науқан арқылы Өзбекстан халқының цифрлық құқықтар мен интернеттегі қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру.
Негізгі мақсатты топтар
1) Журналистер, блогерлер, редакция қызметкерлері және басқа медиамамандар, әсіресе астанадан тыс жерлерде жұмыс істейтіндер.
2) Азаматтық қоғам ұйымдары мен белсенділер, соның ішінде әйелдердің, балалардың, жастардың, мигранттардың, мүгедектігі бар адамдардың және басқа осал топтардың құқықтарын қорғайтындар.
3) Медиа саласындағы заңгерлер, адвокаттар және цифрлық құқықтар жөніндегі мамандар.
4) Университеттердің оқытушылары, зерттеушілері мен әдіскерлері.
5) Мемлекеттік органдар мен адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық институттардың өкілдері.
Жобаның түпкілікті бенефициарлары — Өзбекстандағы интернет пайдаланушылары, соның ішінде балалар мен жастар, әйелдер мен қыздар, қала және ауыл тұрғындары.
Жобаның негізгі компоненттері
Цифрлық құқықтар жөніндегі медиаакадемия. Оқыту мен тәлімгерлік 50 журналист пен басқа медиамаманға арналған. Бағдарлама интернетте пікір білдіру еркіндігін, ақпаратқа қол жеткізуді, цифрлық қауіпсіздікті, дербес деректерді қорғауды, цифрлық журналистиканың құқықтық және этикалық мәселелерін, фактілерді тексеруді және өшпенділік тіліне қарсы іс-қимылды қамтиды.
Азаматтық қоғам ұйымдары мен белсенділерді оқыту. 50 қатысушыға арналған бағдарлама цифрлық қауіпсіздік, цифрлық құқықтарды ілгерілету мен қорғау, талдамалық материалдар әзірлеу, БАҚ-пен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бетпе-бет өткізілетін сабақтар мен вебинарларды біріктіреді.
Медиа саласындағы заңгерлер мен адвокаттарды даярлау. 40 қатысушы үшін тақырыптық оқыту, практикалық істерді талдау және оқу мақсатындағы сот процестері көзделген. Жоба заңгерлердің кәсіби қауымдастығын құруға және цифрлық құқықтарды қорғау жөніндегі кемінде бес стратегиялық іс бойынша тәлімгерлік қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.
Медиа мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдеріне, сондай-ақ заңгерлерге арналған үш бөлек практикалық нұсқаулықты өзбек және орыс тілдерінде әзірлеп, онлайн форматта тарату көзделген.
Цифрлық құқықтарды университет бағдарламаларына енгізу. Жоғары оқу орындары мен бейінді министрліктің 30 өкілі қатысатын семинарда цифрлық құқықтар тақырыбын журналистер мен заңгерлерді даярлау бағдарламаларына енгізу талқыланады. Оның қорытындысы бойынша университеттер мен уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірленеді.
Өңірлік диалог. «Цифрландыру дәуіріндегі цифрлық құқықтар» Орталық Азия конференциясына мемлекеттік органдардың, медианың, азаматтық қоғам мен сарапшылар қауымдастығының кемінде 60 өкілінің қатысуы көзделген. Қатысушылар Өзбекстанда және өңірдің басқа елдерінде заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды талқылайды.
Ақпараттық науқан және ұсынымдарды ілгерілету. БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі және серіктестердің сайттарындағы жарияланымдар кең аудиторияға цифрлық құқықтар мен оларды қорғау тәсілдері туралы білуге көмектеседі. Мемлекеттік органдармен және өңірлік бастамалармен өзара іс-қимыл жоба ұсынымдарын ілгерілетуге бағытталған.
Жоба 24 айға есептелген және Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен іске асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына электрондық пошта мекенжайына хабарласыңыз: info@lprc.kz
Жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен дайындалды. Оның мазмұнына тек «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (LPRC) жауапты. Жарияланымның мазмұны Еуропалық Одақтың көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.


